Науаи қаласында қазақша КВН өтті

27 Қаңтар 2025

2025 жылдың 25 қаңтары Науаи қаласы «Фархад»  Мәдениет сарайында Өзбекстан Республикалысы Қазақ ұлттық мәдени орталығының жұмыс жоспары аясында Науаи облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен оқушы және студенттер арасында «Tauelibay kubogy» атты қазақша КВН өтті .

Атаулы шараға Науаи,  Қарақалпақстан Республикасының Қаңликул ауылынан, Зарафшан, Үшқұдық, Тамдыбұлақ, Кенимех ауданының Балақарақ ауылынан, Зафарабадттың талантты жастары жиналып 10 команда қатысты.  Қазақша КВН-ге еліміздің белді азаматтары, БАҚ өкілдері атсалысты. Нәтижесінде, Үшқұдықтан келген команда 1 орынға ие болды.

Жалпы, Өзбекстан Республикасысының Президенті Шавкат Мирзиёевтің сарабдал саясаты арқасында қазақ мәдениеті мен білім бағытында айшықты қолдау білдіріп келе жатыр.

Атап өтейік, қазақша КВН-ның өтуіне Науаи облысының әкімдігі, Қарақалпақстан Республикасының басшылығы мұрындық болды. Өзбекстан Республикасы Қазақ ұлттық мәдени орталығы, жеке кәсіпкерлер бағалық сыйлықтар мен ақшалай сыйлық табыстады. Аталған орталық Қазақстан Республикасы «Отандастар қорының» кітаптарын сыйға тарттым.

 

Автор: Клара САДИРБАЕВА

Өзбекстан Республикасы Қазақ ұлттық мәдени орталығының «Жастарға білім беру және олардың тәлім-тәрбиесі бойынша» бөлімше басшысы, білім және ғылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Науаи қаласында қазақша КВН өтті