«Ұлы Дала 2025» халықаралық кітап шығару байқауы жарияланды

Кеше


 

 

  • «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағының республикалық қоғамдық бірлестігі 2025 жылға арналған «Ұлы Дала» халықаралық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың арасында қазақ тілін, дәстүрлері мен мәдениетін ілгерілету және насихаттау.

  • Сонымен қоса, шетелдегі этникалық қазақтардың көші-қоны тарихы мен өмір жолдарын, олардың тұрмыс-салты мен дәстүрлерін, әдебиеті мен өнерін және басқа да тақырыптарды қамтитын көркем-әдеби, тарихи шығармалар мен ғылыми зерттеулер жинағын шығару.

  •  

  • Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері

  • Шетелдегі этникалық қазактардың тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, ғылымы, білімі, өнері, олардың қазақ руханиятына қосқан үлестері туралы шетелдік белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен өнерпаздардың туындыларын басып шығару арқылы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңа қырынан тану.

  • Шетелдегі қазақтардың тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, ғылым мен өнері, рухани дамуына үлес қосқан танымал, белгілі этникалық қазақ өкілдерінің есімдерін қазақстандық көпшілік қауымға кеңінен таныстыру.

  • Жас ұрпақтың бойында төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылықты күшейту, ұлттық сананы жаңғырту.

  •  

  • Байқау өткізу мерзімі және тәртібі

  • Байқауды ұйымдастыру және өткізуге Жұмысшы тобы жауапты.

  • Байқауға қатысу туралы өтінім мен шығармалар 2025 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. Өтінімдер келесі мекенжайға жіберілуі тиіс: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 үй, «Отандастар қоры» КеАҚ, немесе пошта арқылы: otandastar2025@gmail.com

  •  

  • Байқауға қатысу шарттары

  • Байқауға шетелдердегі этникалық қазақтар, отандастар, шетелдік ақын-жазушылар, тарихшылар, ғалымдар, мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері, журналистер, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

  • Байқауға шетелдегі этникалық қазақтардың тарихы, салт-санасы мен дәстүрі, әдебиет пен мәдениет, театр, спорт, өнер, ғылыми салаға байланысты шығармалар, сондай-ақ шетелдегі тарихи, белгілі танымал тұлғалар және олар туралы еңбектер ұсынылады.

  • Жұмысқа қойылатын талаптар

  • Формат: Word немесе PDF

  • Шрифт: Times New Roman, 14 кегель, жоларалық интервал – 1

  • Қатысушы туралы ақпарат: аты-жөні, мемлекеті, жасы, байланыс телефоны 

  • Автор авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді.

  •  

  • Байқау жеңімпаздарының жұмыстары

  • Байқау жеңімпаздарының жұмыстарын, баспадан шыққан кітаптарды Ұйымдастырушы еліміздегі ірі кітапханалар мен ғылыми-мәдени орталықтарға таратады. Кітаптардың электронды нұсқасы «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағының веб-сайттарына орналастырылады.

Н

«ҰЛЫ ДАЛА» ШЕТЕЛДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ, ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНДАРЫН ТАНЫСТЫРУ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

  • «Отандастар қоры» және Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен «Ұлы Дала» халықаралық жобасының тұжырымдамасы этникалық қазақтардың шығармашылық еңбектерін жинақтап, басып шығарып, оларды қазақ оқырмандарына таныстыруға бағытталған кешенді шаралардан тұрады. Бұл жоба қазақ диаспорасының мәдени және тарихи мұраларын сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің, өнерінің және мәдениетінің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
  •  
  • ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:
  • 1. Қазақ диаспорасының шығармашылық еңбектерін жинақтау: Әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтардың әдебиет, музыкалық, көркем өнер, ғылыми және басқа да шығармашылық бағыттардағы еңбектерін іздеу, жинау және құжаттау.
  • 2. Шығармаларды басып шығару және тарату: Жинақталған шығармаларды сапалы басылымдар арқылы Қазақстандағы және шетелдердегі қазақ оқырмандарына жеткізу. Бұл орайда кітаптар, альбомдар, музыкалық жинақтар және электронды ресурстар қолданылады.
  • 3. Қазақ оқырмандарын мәдени мұрамен таныстыру: Жоба арқылы қазақ оқырмандарын түрлі елдердегі қазақтардың шығармашылық еңбектерімен таныстыру, олардың мәдениеттегі үлесін көрсету және рухани байланыс орнату.
  • 4. Ұлттық бірегейлікті нығайту: Жоба арқылы шеттегі қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтауға үлес қосу, оларды ортақ құндылықтар мен дәстүрлер негізінде біріктіру.
  •  
  • ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
  • – Шығармашылық жұмыстарды зерттеу: Әртүрлі елдердегі қазақтардың шығармашылық мұраларын зерттеу үшін арнайы экспедициялар ұйымдастыру, тарихи және мәдени құжаттарды, естеліктерді, сұхбаттарды жинау.
  • – Шығармаларды жүйелеу және сараптау: Жинақталған шығармаларды мазмұнына қарай жүйелеп, олардың тарихи, мәдени және көркемдік құндылықтарын бағалауды Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен Сараптама кеңесі атқарады.
  • – Баспа және цифрлық платформа құру: Шығармаларды басып шығарып қана қоймай, оларды электронды кітаптар мен мультимедиялық форматтарда ұсыну арқылы кең аудиторияға тарату.
  •  
  • МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ:
  • – Қазақстандағы және шетелдегі қазақ оқырмандары: Жобаның негізгі аудиториясы – қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қызығушылық танытатын оқырмандар, сондай-ақ шетелдерде тұратын қазақтар.
  • – Жас буын: Жобаның негізгі мақсаты – жас буын өкілдерін қазақ мәдениетімен және шетелдегі қазақтардың шығармашылығымен таныстыру.

 

«ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ  «ҰЛЫ ДАЛА» КІТАПТАР СЕРИЯСЫН 
2025 ЖЫЛЫ ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  • Ереже шетелдегі отандастардың көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік, тарихи, мемуар және т.б. жанрлардагы кітаптарын басып шығару және шетелдегі этникалық қазақтар арасында қазақ тілін, дәстүрі мен мәдениетін ілгерілету мен насихаттау барысында мемлекеттік тапсырма аясында 2025 жылы «Қазақстан Жазушылар одағымен» бірлесіп «Ұлы Дала» халықаралық байқауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттеу үшін жасалды.
  •  
  • ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
  • Байқау - «Ұлы Дала» айдарымен 2025 жылы кітап сериясын шығаруға арналған халықаралық байқау.
  • Байқауды ұйымдастырушы (Ұйымдастырушы) - «Отандастар қоры» КеАҚ.
  • Байқау комиссиясы (Қазылар алқасы) - Ережеге сәйкес Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында Ұйымдастырушының бұйрығы негізінде құрылатын алқалы орган.
  • Байқауға қатысушы (Талапкер)- осы Ережеге сәйкес Байқауға қатысуға өтінім берген жеке және заңды тұлға.
  • Байқаудың жеңімпазы - Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы болып анықталған Талапкер.
  • Өтінім - Талапкердің Байқауға қатысу үшін 1-қосымшада белгіленген нұска бойынша ресімделген құжаты және Шығармасы.
  • Шығарма - әдеби, мәдени, өнер, тарихи, ғылыми тақырыптардағы шығарма.
  • Шарт - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Ұйымдастырушымен жасалған шарт.
  • Жұмысшы тобы - Ұйымдастырушының Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты бөлімшесі.
  •  
  • БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • 1. Шетелдегі этникалық қазактардың тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, ғылымы, білімі, өнері, олардың қазақ руханиятына қосқан үлестері туралы шетелдік белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен өнерпаздардың туындыларын басып шығару арқылы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңа қырынан тану.
  • 2. Шетелдегі қазақтардың тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, ғылым мен өнері, рухани дамуына үлес қосқан танымал, белгілі этникалық қазақ өкілдерінің есімдерін қазақстандық көпшілік қауымға кеңінен таныстыру.
  • 3. Жас ұрпақтың бойында төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылықты күшейту, ұлттық сананы жаңғырту.
  •  
  • БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ 
  • 1. Байқауды ұйымдастыру және өткізуге Жұмысшы тобы жауапты.
  • 2. Байқауға қатысу туралы өтінім мен шығармалар 2025 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. Өтінімдер келесі мекенжайға жіберілуі тиіс: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 үй, «Отандастар қоры» КеАҚ, электронды пошта: (otandastar2025@gmail.com), немесе пошта арқылы.
  • 3. Жұмысшы топ Ұйымдастырушының ресми сайтында (https://oq.gov.kz) Байқау туралы хабарландыруды және талапкердің өтінімін орналастырады.
  • 4. Байқау келесі реттілікпен өтеді:
  • – Ұйымдастырушының бұйрығымен Байқау комиссиясының (Қазылар алқасы) құрамы бекітіліп, хатшысы тағайындалады;
  • – 2024 жылдың 1 маусымына дейін Байқауға қатысуға Талапкерлерден өтінімдер және шығармалар қабылданады. Өтінім үлгісі №2 қосымшада көрсетілген;
  • – Өтінімдер мен шығармаларды қабылдау және іріктеуден кейін Жұмысшы топ оларды Қазылар алқасының мүшелеріне сараптама және бағалауға жібереді;
  • – Қазылар алқасы шығармаларды бағалау және Байқау жеңімпаздарын анықтауды 2025 жылғы 1 мамырға дейін жүзеге асырады;
  • – Жұмысшы топ Байқау қорытындылары туралы хаттаманы бекітіп, Байқау нәтижелерін Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында бір апта ішінде жариялайды.
  •  
  • 5. Ұйымдастырушы Қазылар алқасының мүшелерімен Байқауға қатысушылардың шығармаларын сараптау және бағалау бойынша қызметтері үшін әрқайсысымен жеке келісімшарт жасайды.
  • 6. Ұйымдастырушы баспаханамен Байқау жеңімпаздарының шығармаларын басып шығару туралы жеке шарт жасайды.
  • 7. Байқау комиссиясы келесі жағдайларда Байқауды жарамсыз деп таниды:
  • – егер өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін Талапкерлерден Байқауға ешқандай өтініш түспесе;
  • – осы Ереженің 4-бөлімінде көрсетілген Байқау шарттарына Талапкерлердің шығармалары сәйкес келмесе.
  •  
  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
  • 1. Байқауға шетелдердегі этникалық қазақтар, отандастар, шетелдік және қазақстандық ақын-жазушылар, тарихшылар, ғалымдар, мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері, журналистер, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
  • 2. Байқауға шетелдегі этникалық қазақтардың тарихы, салт-санасы мен дәстүрі, әдебиет пен мәдениет, театр, спорт, өнер, ғылыми салаға байланысты шығармалар, сондай-ақ шетелдегі тарихи, белгілі танымал тұлғалар және олар туралы еңбектер ұсынылады.
  • 3. Байқауға бірлескен авторлардың шығармалары мен құрастырылған жинақтар да қабылданады.
  • 4. Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.
  • 5. Ұсынылған шығармаларды елімізге белгілі ақын-жазушылар, көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құрылған Қазылар алқасы сараптайды.
  • 6. Авторлық еңбектер Қазақстанда жарияланбаған болуы керек.
  • 7. Байқауға жіберілген шығармаларға белгілі әдеби, ғылыми шығармашыл өкілдердің кем дегенде 2 пікірі болуы керек.
  • 8. Шығармалар қазақ (кириллица) тілінде жолдануы тиіс. Құндылығына қарай ерекше жағдайда шет тіліндегі еңбектер қабылдануы мүмкін.
  • 9. Шетелдерде төте жазумен немесе латын қарпімен жарық көрген шығармалар Қазылар алқасы шешімімен үздік деп танылса, жеке жинақ ретінде қазақ тіліне (кириллица) аударылып, басылады.
  • 10. Баспадан шығарылатын әр кітап саны, авторлық дананы (50) қоса алғанда, 500 дана.(келісім бойынша).
  • 11. Байқауға автор/авторлардың аты-жөні, шыққан тегі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефондары жазылып, JPEG форматындағы фотосы жүктелуі керек.
  • 12. Шығарманың толық мәтіні «ос» форматында (шрифт Times New Roman, кегель 14, жоларалық интервал – 1).
  • 13. Автор/авторлар Байқауға қатысу үшін жұмысты жібере отырып, осы жұмысқа авторлық құқықтың болуына кепілдік береді.
  • 14. Автор/авторлар Ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарда жариялауына рұқсат береді.
  • 15. Автор/авторлар Ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
  • 16. Байқауға қабылданған жұмыстар кері қайтарылмайды.
  •  
  • ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
  • 1. Қазылар алқасының мүшелері Ұйымдастырушыға қатысы жоқ әдебиет, мәдениет, өнер және тарих саласының қайраткерлерінен, жалпы саны кемінде 9 адамнан (төрағаны қоса алғанда) және 1 хатшыдан құрылады және Ұйымдастырушының бұйрығымен бекітіледі.
  • 2. Қазылар алқасы мүшелерінің:
  • – Байқауға қатысу; 
  • – Байқау мәселелеріне қатысты қосымша ақпараттық материалдарды сұратуға;
  • – Байқауға қатысу шарттары мен ережелері бойынша Жұмысшы топтың мүшелерімен кеңесу құқықтары бар.
  • 3. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылар шығармаларына келесі критерийлер бойынша сараптама және бағалау жұмыстарын жүргізеді:
  • – Байқауға қатысуға түскен барлық шығармаларға жазбаша түрде сараптама, баға беру, пікір жазу;
  • – Талапкерлер шығармаларының Байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін;
  • – Шығармалардың жоғары моральдық-этикалық және гуманистік құндылықтарды құрметтеу талабына сәйкес жазылғандығын;
  • – Шығармалардың әдеби, ғылыми жазу тілінің стилі, мазмұндылығы, тақырып ерекшелігі, көркемділігі мен шынайы деректерге сүйенуін;
  • – Осы Ережеде және Жұмысшы топ әзірлеген басқа да құжаттамада Байқау шарттарының қатаң сақталуын;
  • – Байқаулық жұмыстарды бағалауда мүдделер қақтығысын болдырмауды; 
  • – Байқауға түскен шығармалардағы фото-материалдардың сапасына көңіл аудару;
  • – Өз жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар.
  • 4. Қазылар алқасы хатшысының Ұйымдастырушымен еншілес болмауы үшін Байқауда дауыс беру құқығы жоқ.
  • 5. Қазылар алқасының мүшелері Ұйымдастырушының және/немесе Жұмысшы топтың келісімімен онлайн/офлайн форматта отырыс өткізе алады.
  • 6. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және нәтижелер Ұйымдастырушының ресми сайтында жарияланғаннан кейін қайта қаралуға жатпайды.
  •  
  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ
  • 1. Байқау жеңімпаздарының жұмыстарын, баспадан шыққан кітаптарды Ұйымдастырушы еліміздегі ірі кітапханалар мен ғылыми-мәдени орталықтарға тегін таратады. Кітаптардың электронды нұсқасы «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағының веб-сайттарына орналастырылады.
  • 2. Байқау жеңімпаздары шыққан кітаптардың тұсаукесеріне қатысуға және өз жұмыстары туралы сөйлеуге құқылы.
  • 3. Жұмысшы тобы Байқау жеңімпаздарының жұмыстарының тұсаукесері күні мен орны туралы ақпаратты Ұйымдастырушының ресми сайтында жариялайды.

 

Байқауға қатысуға арналған өтінім нұсқасы

  • 1. Қатысушы туралы ақпарат: Байқауға қатысушы туралы ақпарат көрсетіледі: _______________________________________________________________________

(аты-жөні, орналасқан жері, пошта мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы.) 

  • 2. Осы өтінім бойынша:
  • (a) Байқауды ұйымдастырушының және Байқау комиссиясының қызметкерлерімен еншілес тұлға емес екендігіме кепілдік беремін;
  • (ә) Байқауды ұйымдастырушының және Байқау комиссиясының шығармалары кейбір және нақтылайтын ақпараттарды, оның ішінде бірлескен авторлар туралы ақпаратты сұрату құқығын растаймын.
  • (б) Егер менің жұмысым үздік деп танылса, Байқауды ұйымдастырушының жұмысымды жариялау құқығын растаймын;
  • (в) Байқау жарамсыз деп танылса, менің Байқауды ұйымдастырушыға ешқандай шағымым болмайды.
  •  
  • 3. Менің атыма хат-хабар жіберуінізді сұраймын:_____________________________
  • 4. Осы Байқауға қатысу туралы өтінімге беттегі «______» жұмысы қоса беріледі.
  •  
  • Байқауға қатысушы____________(қолы) Ата – тегі
  • Күні:____________
     
«Ұлы Дала 2025» халықаралық кітап шығару байқауы жарияланды