Нәуои облысы Қазақ мәдени орталығы Зарафшан қаласының №4 мектебімен бірлесіп, Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің №391 қаулысы негізінде мектеп оқушыларының мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы іс-шара өткізді. Оның аясында жас дарындарды анықтау және қолдау үшін "Әнші балапан" байқауы ұйымдастырылды.