«Шетелде этникалық қазақтар мен отандастардың және ҚР азаматтарының қатысуымен мәдени-гуманитарлық жобаларды ұйымдастыру» жобасы аясында Майндағы Франкфурт және Вена қалаларында өткізілетін концерттерде қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің қ


«Шетелде этникалық қазақтар мен отандастардың және ҚР азаматтарының қатысуымен мәдени-гуманитарлық жобаларды ұйымдастыру» жобасы аясында Майндағы Франкфурт және Вена қалаларында өткізілетін концерттерде қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің қатысуын ұйымдастыру бойынша қызметтеріне арналған

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА 

 

  • 1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ;
  • 2. Мақсаты: «Шетелде этникалық қазақтар мен отандастардың және ҚР азаматтарының қатысуымен мәдени-гуманитарлық жобаларды ұйымдастыру» жобасы аясында Майндағы Франкфурт және Вена қалаларында өткізілетін концерттерде қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің қатысуын ұйымдастыру;
  • 3. Өтетін күні және орны:
  • 2024 жылғы 19 қазан – Майндағы Франкфурт қаласында (Германия);
  • 2024 жылғы 23 қазан – Вена қаласында (Австрия);
  • 4. Концерттік бағдарламаның ұзақтығы - 2 сағат.
  • 5. Мақсатты аудитория: Еуропада тұратын этникалық қазақтар, отандастар және бұрынғы отандастар.
  •  
  • Өтінім беруші қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің Майндағы Франкфурт және Вена қалаларында өткізілетін концерттерге қатысып, өнер көрсетуін қамтамасыз етеді.
  •  
  • Әртістерге қойылатын талаптар:
  • – Ансамбльдің репертуары ұлттық этно және фольклор жанрларына сәйкес келуі тиіс, Қазақстанның мәдени мұрасын бейнелейтін әндер мен музыкалық шығармалардан тұруы қажет.
  • – Ансамбльдің халықаралық деңгейде өнер көрсетуде дәлелденген тәжірибесі болуы тиіс. Әртүрлі елдердегі этникалық қазақтар мен жергілікті халыққа арналған қойылымдарда танылған және қолдау тапқан болуы керек.
  • – Ансамбльдің репертуарында кем дегенде 10 түрлі музыкалық композиция болуы тиіс, олар ұлттық аспаптарды қолдану арқылы әртүрлі тыңдаушылардың талғамын қанағаттандыруға қабілетті болуы керек.
  • – Әртістердің іс-шараға уақтылы келуі, дайындық кезінде және қойылым барысында ұйымдастырушылармен тығыз ынтымақтастықты сақтауды, сондай-ақ кәсіби көзқараспен жұмыс істеуді қамтамасыз етуі тиіс.
  •  
  • Жеткізуші қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің Франкфурт және Вена қаласына/қаласынан ұшуды ұйымдастыру, қонақ үй, тамақтану, шенген визасын рәсімдеу, сондай-ақ ансамбльдің техникалық қажеттіліктерін (дыбыстық, аспаптардың электр жабдықтары және т.б.) қамтамасыз ету шығындарын өтейді.  
  •  
  • Жеткізуші барлық дайындық жұмыстарын жүргізеді: әртістермен келіссөздер жүргізеді, көрсетілген мерзімде концерттің барлық қатысушыларының келуін қамтамасыз етеді.
  •  
  • Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру электрондық пошта info@oq.gov.kz арқылы 2024 жылғы 1 қазанға дейін.қабылданады
  •  
  • «Отандастар қоры»  КЕАҚ
  • 24.09.2024