«Qazalem.kz» веб-платформасының контентіне жауапты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша редактор
Жалпы біліктілік талаптары: Жоғары кәсіптік білім.
Мынадай құзыреттердің болуы:
- ақпараттық ресурстарды құру және сүйемелдеу саласындағы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
- Web-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігі негіздерін білу;
- Қазақ, орыс (ағылшын тілі қосымша) тілін білу
- Әлеуметтік желілер маркетингінен хабардар болу;
- Әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм, тик-ток, т.б.) жұмыс істеу тәжірибесі;
- Онлайн фото-видео сервистермен жұмыс істей білу;
Техникалық ерекшеліктер:
- Порталды ақпаратпен қамтамасыз етуге, ақпараттардың өзектілігіне, мәтіндік, грамматикалық қатесіз жазылуына жауапты болу;
- Порталдың мақсатына сай күнделікті ақпараттар, жаңалықтармен, аңдатпалармен қамтамасыз ету;
- Министрліктер, өңірлер әкімдігі және ұлттық компаниялардағы жауапты мамандардың порталдағы ақпараттарды жаңарту мен толықтыруын қадағалау;
- Qazalem.kz порталына келген ақпараттарды интернет-сервисте жариялау және редакциялау;
- Қазақша-орысша материалдарды, ресми-іс-қағаздарды аудару және дайын материалдарды, аудармаларды сайтқа орналастыру;
- Qazalem.kz порталындағы ақпараттарды (пайдалы кеңестер, жаңалықтар, сұхбаттар, т.б.) ресми әлеуметтік желілерде бөлісу;
- Қолданушыларымен кері байланыс орнату: пікірлерге, хабарламаларға жауаптар дайындау;
- Әр айдың қорытындысымен келесі айдың 5-не дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсыру.
Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 25 маусымға дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына қабылданады.