«Отандастар Қоры» КеАҚ «Шетелдегі қазақ іскерлік үйі үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды ұсыну» мемлекеттік тапсырмасы аясында төменде көрсетілген тауарларды сатып алатыны туралы хабарлайды.
№ |
Атауы |
Техникалық сипаттамасы |
Саны |
1. |
Домбыра |
Өлшемі – 48, кәсіби, шырша-қайың |
5 дана |
2. |
Домбыра қабы |
Қап бауымен бірге, матадан жасалған |
5 дана |
3. |
Қыл-Қобыз қабымен |
Екі ішекті, ыспaлы. Корпусы ағаштан, жоғарғы бөлігі шыршадан. Өлшемі – жалпы ұзындығы 65см |
1 дана |
4. |
Шертер қабымен |
Өлшемі: корпус ұзындығы – 27см, корпус ені – 19 см, гриф ұзындығы – 25см, басы – 11 см. Қайың-бук-үйеңкі ағаштарынан жасалған. |
2 дана |
5. |
Асатаяқ |
Көмекші ұрмалы-шулы аспап. Корпусқа металл жолақтар мен қоңыраулар ілінеді. Ұзындығы - 48 см, ені - 20 см. |
1 дана |
6. |
Дабыл |
Ұрмалы музыкалық аспап. Корпус қатты ағаштан жасалған. Құралдың алдыңғы бөлігі ешкі терісінен жасалған. Диаметрі – 50-52 см, корпусының биіктігі – 7-8 см. Жиынтықта соққы таяқшасы бар. |
2 дана |
7. |
Дабыл қабы |
Қап бауымен бірге, матадан жасалған |
2 дана |
8. |
Контрабас |
Контрабас — ыспалы ішекті аспап. Ішектері металлдан. |
1 дана |
9. |
Контрабас қабы |
Қап бауымен бірге, матадан жасалған |
1 дана |
10. |
Шаңқобыз футлярымен |
Шанқобыз үрмелі музыкалық аспап. Болаттан жасалған. Қамыс корпусқа бекітіледі. Футляр инструмент пішіне сай қайыңнан жасалған. |
2 дана |
11. |
Әйелдер шапаны |
Ұзын жеңді әйелдер камзол, өлшемі: 48-54, матасы: қырқылған барқыт, астары бар және ұлттық ою-өрнектері бар (ою-өрнектердің дизайны алдымен Тапсырыс берушімен келісілуі керек) |
10 дана |
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 13 қарашаға дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына немесе Қонаев 12/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Отандастар Қоры» КеАҚ кеңсесінде қолма-қол қабылданады.
«Отандастар Қоры» КеАҚ
06.11.2023 жыл