«Шетелдегі отандастар үшін Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия жүргізу» іс-шарасын фото- және бейнетүсірілімге түсіру қызметінің ТС


«Шетелдегі отандастар үшін Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия жүргізу» іс-шарасын фото- және бейнетүсірілімге түсіру қызметінің

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қызмет көрсету орны және мерзімі: Шымкент қаласы және Түркістан облысы, 2026 жылғы 13, 14 және 15 қараша

Қызметтің атауы: «Шетелдегі отандастар үшін Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия жүргізу» («Киелі Қазақстан») іс-шарасын фото- және бейнетүсірілімге түсіру қызметі.

Қызметтің мақсаты: іс-шараның негізгі кезеңдерін фото- және бейнематериалдармен құжаттау және оларды «Отандастар қоры» КеАҚ-ның ресми сайты, әлеуметтік желілері мен БАҚ-та ақпараттық қолдау үшін пайдалануға дайындау.

Сатып алынатын қызметтің саны: 3 түсірілім күні

Негізгі міндеттемелер:

13 қараша – Шымкент қаласының әуежайында қатысушыларды қарсы алу барысын фото- және бейнетүсірілімге түсіру;

13 қараша – қатысушыларды қонақ үйге орналастыру барысын фото- және бейнетүсірілімге түсіру;

14 қараша – іс-шараның салтанатты ашылуы мен дөңгелек үстелді фото- және бейнетүсірілімге түсіру;

14 қараша – Шымкент қаласы маңындағы киелі орындарға экскурсияны фото- және бейнетүсірілімге түсіру;

14 қараша – кешкі асты фото- және бейнетүсірілімге түсіру;

15 қараша – Түркістан облысының киелі жерлеріне экскурсияны фото- және бейнетүсірілімге түсіру;

жоба қорытындысы туралы ұзақтығы кемінде 10 минуттық бейнеролик дайындау;

жоба қатысушыларының әрқайсысымен ұзақтығы кемінде 1 минуттық бейнесұхбат түсіру;

14 қарашада өтетін дөңгелек үстел туралы бейнеролик дайындау;

іс-шара барысынан сапалы өңделген фотосуреттерді тапсыру.

 

Орындаушыға қойылатын жалпы талаптар:
– іс-шараларды фото- және бейнетүсірілімге түсіру бойынша тәжірибесінің болуы және жұмыс үлгілерін ұсынуы;
– кәсіби фото- және бейнетүсірілім жабдығының (камера, объективтер, тұрақтандырғыш, микрофон) болуы;
– іс-шараның бекітілген бағдарламасына сәйкес белгіленген уақытта түсірілім орнында болуын қамтамасыз етуі;
– барлық өңделген материалдарды іс-шара аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде тапсыруы;
– бейнероликтердің құрылымы мен мәтінін Тапсырыс берушімен алдын ала келісуі;
– түсірілген материалдарды Тапсырыс берушінің келісімінсіз жарияламауы және үшінші тұлғаларға бермеуі;

Фото- және бейнематериалдарға қойылатын минималды техникалық талаптар:
– фототүсірілім толық кадрлы (full-frame) кәсіби камерамен (ажыратымдылығы кемінде 24 Мп) және жарық сезімталдығы жоғары кәсіби объективтермен жүргізілуі;
– фотосуреттердің JPEG форматында, ұзын жағы кемінде 6000 пиксель ажыратымдылықта, түсі мен жарығы өңделіп (ретушь, цветокоррекция) тапсырылуы;
– бұлыңғыр, шуы (шум) көп, көзі жұмылған, сәтсіз ракурстағы және қайталанатын кадрлардың іріктеліп алынып тасталуы;
– бейнетүсірілімнің кәсіби камерамен 4K (3840×2160) ажыратымдылықта, секундына кемінде 25 кадр жиілігімен жүргізілуі;
– дайын бейнероликтердің кемінде 4K немесе Full HD (1920×1080) ажыратымдылықта, MP4 форматында (H.264/H.265 кодегі, бит жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с), көлденең (16:9) пішімде тапсырылуы;
– кадрлардың гимбал (тұрақтандырғыш) арқылы тұрақтандырылған, фокусы мен жарығы дұрыс, кәсіби түрде түсі түзетілген (цветокоррекция) болуы;
– дыбыстың сымсыз петличка және сыртқы микрофон арқылы анық, бөгде шусыз жазылуы, сөз бен музыка деңгейінің теңестірілуі;
– бейнесұхбаттардың кемінде 2 камерамен немесе жеткілікті жарықтандыру құралдарымен түсірілуі, қатысушының аты-жөні мен елі көрсетілген титрлердің болуы;
– бейнероликтердің кәсіби монтаждалуы: графикалық безендіру, титрлер, «Отандастар қоры» КеАҚ логотипінің қолданылуы;
– лицензиясы бар немесе авторлық құқықпен қорғалмаған музыканың пайдаланылуы;
– өңделмеген бастапқы фото- және бейнематериалдарды Тапсырыс берушіге беру.


Коммерциялық ұсыныстар info@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы немесе Астана, Д.Қонаев көшесі 33, 11 қабат, «Отандастар қоры» КеАҚ-да 2026 жылғы «9» қарашаға дейін қабылданады.

 

 

 

2026 жылғы 1 қараша
«Отандастар қоры» КеАҚ