Торонто қаласындағы концерттік бағдарламаға аспаптық орындаушылардың қатысу қызметтері


Торонто қаласындағы концерттік бағдарламаға аспаптық

орындаушылардың қатысу қызметтерінің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қызмет көрсету орны және мерзімі: Канада, Торонто қаласы, 2026 жылғы 28 қазан

Қызметтің атауы: Торонто қаласындағы концерттік бағдарламаға аспаптық орындаушылардың қатысу қызметтері.

Қызметтің мақсаты: Торонто қаласында қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік іс-шара ұйымдастыру арқылы шетелдегі отандастармен мәдени ынтымақтастықты нығайту.

Сатып алынатын қызметтің саны: 4 аспап орындаушысы (домбыра – 1, клавишті аспап – 1, скрипка – 1, барабан – 1)

Орындаушыға қойылатын жалпы талаптар:

  • музыкалық кәсіби білімі немесе кәсіби орындаушылық қызметін растайтын дипломдары, сертификаттары және/немесе өзге де құжаттары болуы;
  • тиісті музыкалық аспапта кәсіби орындаушылық тәжірибесінің және концерттік іс-шараларға қатысу тәжірибесінің болуы;
  • кемінде 10 музыкалық композицияны жеке немесе топ құрамында орындау;
  • орындалатын музыкалық шығармаларда қазақ халқының ұлттық нақышы мен ұлттық музыкалық элементтерінің болуы;
  • концерт басталғанға дейін белгіленген уақытта дыбыстық тексеруге (soundcheck) және техникалық репетицияға қатысу;
  • музыкалық композицияларды орындауға қажетті аудиоматериалдарды және/немесе өзге де техникалық материалдарды техникалық талаптарға сәйкес алдын ала ұсынуы;
  • концерттік бағдарламаға енгізілген музыкалық композициялардың тізімін Тапсырыс берушімен алдын ала келісуі және келісілген репертуарды Тапсырыс берушінің келісімінсіз өзгертпеуі;
  • концерттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті сахналық және шығармашылық дайындығын қамтамасыз етуі;
  • іс-шараның бекітілген бағдарламасына сәйкес белгіленген уақытта концерт өтетін жерде болуын қамтамасыз етуі;
  • концерттік бағдарлама барысында басқа орындаушылармен бірлескен музыкалық нөмірлер көзделген жағдайда, олардың орындалуына қажетті дайындықты қамтамасыз етуі;

Іс-шараға қатысуға байланысты қонақүй, тамақтану, визалық рәсімдеу, медициналық сақтандыру, жол жүру және өзге де ілеспе шығындар қызметтің жалпы құнына енгізіледі және Орындаушының есебінен өтеледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру info@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы немес Астана, Д.Қонаев көшесі 33, 11 қабат, «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастармен жұмыс департаментінде 2026 жылғы 29 қыркүйекке дейін қабылданады.

«Отандастар қоры»  КЕАҚ

23.09.2026 ж.