Торонто қаласында қазақстандық әншілердің концерттік бағдарламаға қатысуы жөніндегі қызметтері
Торонто қаласында қазақстандық әншілердің концерттік
бағдарламаға қатысуы жөніндегі қызметтерінің
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қызмет көрсету орны және мерзімі: Канада, Торонто қаласы, 2026 жылғы 28 қазан
Қызметтің атауы: Торонто қаласында қазақстандық әншілердің концерттік бағдарламаға қатысуы жөніндегі қызметтері.
Қызметтің мақсаты: Торонто қаласында қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік іс-шара ұйымдастыру арқылы шетелдегі отандастармен мәдени ынтымақтастықты нығайту.
Сатып алынатын қызметтің саны: 2 қазақстандық әнші
Орындаушыға қойылатын жалпы талаптар:
- музыкалық кәсіби білімі немесе кәсіби орындаушылық қызметін растайтын дипломдары, сертификаттары және/немесе өзге де құжаттары болуы;
- жеке орындаушы ретінде концерттік іс-шараларға қатысу тәжірибесінің болуы;
- кемінде 5 әнді жеке немесе топта орындау;
- концертте орындалатын әндерді қазақ тілінде орындау;
- концерт басталғанға дейін белгіленген уақытта дыбыстық тексеруге (soundcheck) және техникалық репетицияға қатысуы;
- Ән айтуға қажетті аудиоматериалдарды техникалық талаптарға сәйкес алдын ала ұсынуы;
- концерттік бағдарламаға енгізілген әндердің тізімін Тапсырыс берушімен алдын ала келісуі және келісілген репертуарды Тапсырыс берушінің келісімінсіз өзгертпеуі;
- концерттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті сахналық және шығармашылық дайындығын қамтамасыз етуі;
- іс-шараның бекітілген бағдарламасына сәйкес белгіленген уақытта концерт өтетін жерде болуын қамтамасыз етуі;
- концерттік бағдарлама барысында басқа орындаушылармен бірлескен музыкалық нөмірлер көзделген жағдайда, олардың орындалуына қажетті дайындықты қамтамасыз етуі;
Іс-шараға қатысуға байланысты қонақүй, тамақтану, визалық рәсімдеу, медициналық сақтандыру, жол жүру және өзге де ілеспе шығындар қызметтің жалпы құнына енгізіледі және Орындаушының есебінен өтеледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру info@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы немес Астана, Д.Қонаев көшесі 33, 11 қабат, Шетелдегі отандастармен жұмыс департаментінде 2026 жылғы 29 қыркүйекке дейін қабылданады.
«Отандастар қоры» КЕАҚ
23.09.2026 ж.