«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық шығармашылық көрмесіне Қазақтың ұлттық бишілеріне қойылатын талаптар
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық шығармашылық көрмесіне Қазақтың ұлттық бишілеріне қойылатын талаптар
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қызмет көрсету орны және мерзімі: Испания Корольдігі, Мадрид қаласы, 2026 жылғы 29 қазан.
1. Қызметтің атауы:
Қазақтың ұлттық биін кәсіби деңгейде орындау кем дегенде 5 би нөмірін жеке немесе топпен орындау.
2. Қызметтің мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық би өнерін кәсіби сахналық деңгейде орындау, ұлттық хореографиялық дәстүрлерді сақтау және тапсырыс берушінің іс-шарасында бекітілген би қойылымдарын сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3. Сатып алынатын қызметтің саны: 4.
4. Бишіге қойылатын жалпы талаптар:
Орындаушы:
- – деңгейін растайтын диплом немесе сертификаттар болуы;
- – биге арналған ұлттық киімінің болуы және қойылымның мазмұны мен бағытына сәйкес келуі; (Тапсырыс берушімен алдын ала келісім бойынша)
- – қазақтың ұлттық биінің негізгі қимылдарын және ұлттық хореографияны меңгерген болуы;
- – сахналық қозғалыс техникасын меңгеруі;
- – топтық және жеке би нөмірлерін орындауға қабілетті болуы;
- – сахнада дұрыс дене қалпын, тепе-теңдікті және қозғалыс үйлесімділігін сақтауы;
- – ұлттық бидің мазмұны мен көркемдік сипатын сахналық образ арқылы жеткізе білуі;
- – қойылым барысында костюмнің, реквизиттің және сахналық мүліктің талапқа сай қолданылуын қамтамасыз етуі;
- – кәсіби физикалық дайындығын және сахналық формасын сақтауы тиіс.
-
- Іссапарға байланысты қонақүй, тәуліктік, визалық шығындар және жол жүру шығындары өзінен өтеледі.
Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 18 қазанға дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 33, 11-қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 708 923 41 64