ХАБАРЛАНДЫРУ
«Отандастар Қоры» КЕАҚ (бұдан әрі — Қоғам) шетелдегі отандастар үшін сапалы әрі пайдалы контент дайындау қызметін сатып алатындығын хабарлайды.
Тапсырыс беруші: «Отандастар Қоры» КеАҚ.
Тапсырыс берушінің мекен жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев, 33, 705 кеңсе.
Конкурс мәні: шетелдегі отандастар үшін сапалы әрі пайдалы контент дайындау қызметтерді сатып алу.
Конкурстың сипаттамасы мен негізгі шарттары:
— Қызмет көрсету мерзімі: Шартқа қол қойылған сәттен бастап 2026 жылдың «30» қарашаға дейін.
— Қызмет көрсету өтінімдер бойынша.
— Төлем шарты: Қызмет көрсету сапасын растайтын орындалған жұмыстар актісі (АВР) негізінде.
2. Көрсетілетін қызметтердің тізбесі (Техникалық сипаттама):
Потенциалды өнім беруші төмендегі кестеде көрсетілген жұмыстарды толық көлемде және сапалы орындауға міндетті:
|
р/с № |
Көрсетілетін қызметтер атауы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
«Отандастар Қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қоғам) әлеуметтік желідегі парақшаларын (Instagram, Telegram, Facebook) жүргізу және контент дайындау. |
30 пост (жарияланым, бейнероликтер, соаворство) |
|
2. |
Әлеуметтік парақшалардың (Instagram, Facebook, TikTok) ай сайынғы статистикасын дайындау |
Статистиканы кесте түрінде ұсыну |
|
3. |
Отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін ақпараттық парақтар дайындау. |
5 ақпараттық парақ (мерекелер, хабарландырулар) |
|
4. |
Қоғамның іс-шаралары және/немесе жобалары туралы мобилография элементтерін қолдана отырып сапалы видеоконттер дайындау |
3 бейнеролик (Youtube, Shorts) |
|
5. |
Қоғамның Youtube арнасының ай сайынғы статистикасын дайындау |
Статистиканы кесте түрінде ұсыну |
Маңызды шарт: Тапсырыс берушінің (Қоғамның) өтінімі орындаушыға ауызша, месенджерлер, ұялы телефонға қоңырау шалу және басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы жедел түрде беріледі. Орындаушы тапсырыстарды уақытылы әрі сапалы орындауға міндетті.
Тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша көрсетілетін қызметтердің орындалу уақыты (SLA) өтінім түскен сәттен бастап 1-2 сағаттан аспауы керек.
4. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен байланыс деректері: Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев, 33, 705 кеңсе немесе info@oq.gov.kz немесе 8 701 135 6253.
5. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: «29» мамыр 2026 ж. сағат. 17.00
22.05.2026