Қоғам сайтының жұмыс іcтеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтерін сатып алу


ХАБАРЛАНДЫРУ:

 

Тапсырыс беруші: «Отандастар Қоры» КеАҚ.

Тапсырыс берушінің мекен жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев, 33, 705 кеңсе.

Конкурс мәні: Қоғам сайтының жұмыс іcтеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтерін сатып алу.

1. Конкурстың сипаттамасы мен негізгі шарттары:

  • – Қызмет көрсету мерзімі: Шартқа қол қойылған сәттен бастап 2026 жылдың «31» желтоқсанға дейін.
  • – Қызмет көрсету өтінімдер бойынша.
  • – Төлем шарты: Қызмет көрсету сапасын растайтын орындалған жұмыстар актісі (АВР) негізінде.
  •  
  • 2. Көрсетілетін қызметтердің тізбесі (Техникалық сипаттама):

Потенциалды өнім беруші төмендегі кестеде көрсетілген жұмыстарды толық көлемде және сапалы орындауға міндетті:

 

р/с

Көрсетілетін қызметтер атауы

Күтілетін нәтиже

1.

Қоғам сайтының үздіксіз жұмысын техникалық сүйемелдеу: хостинг, домен, CMS және плагиндерді жаңарту, резервтік көшірмелер (backup) жасау

Техникалық сүйемелдеу актісі

2.

Қоғам сайтының қауіпсіздігін қамтамасыз ету: SSL-сертификат мониторингі, осалдықтарды тексеру, зиянды кодтан қорғау, рұқсаттарды бақылау, күдікті әрекеттерге арналған журналдарды тексеру

Қауіпсіздік тексерісінің хаттамасы

3.

Отандастарға қатысты ақпараттық материалдарды Қоғам сайтында орналастыру (жаңалықтар, хабарландырулар, құжаттар)

Кемінде 10 материал

Жарияланымдар тізімі

4.

Қоғам сайтының ай сайынғы статистикалық көрсеткіштерін дайындау (кірушілер саны, қаралымдар, трафик көздері, ең оқылымды материалдар)

Статистикалық есеп

 

Маңызды шарт: Тапсырыс берушінің (Қоғамның) өтінімі орындаушыға ауызша, месенджерлер, ұялы телефонға қоңырау шалу және басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы жедел түрде беріледі. Орындаушы тапсырыстарды уақытылы әрі сапалы орындауға міндетті.

3. Өнім берушіге қойылатын техникалық талаптар:

Маңызды: Конкурсқа қатысушы өнім берушінің IT-инфрақұрылымды қолдау және жүйелік әкімшілендіру саласында тәжірибесі бар білікті мамандары (келісімшарт бойынша) болуы тиіс.

Тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша көрсетілетін қызметтердің орындалу уақыты (SLA) өтінім түскен сәттен бастап 1-2 сағаттан аспауы керек.

4. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен байланыс деректері: Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев, 33, 705 кеңсе немесе info@oq.gov.kz немесе 8 701 135 6253.

5. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: «29» мамыр 2026 ж. сағат: 17.00

 

22.05.2026