Қызметтік автокөлік құралын жүргізу қызметінің ТС


Қызметтік автокөлік құралын жүргізу қызметінің

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

Көрсетілетін қызмет аясындағы міндеттері:

  1. Тапсырыс берушінің өтінімі (ауызша немесе месенджер, ұялы телефон және басқа да тәсілдері арқылы) бойынша Тапсырыс берушінің өкілдерін, сондай-ақ түрлі іс-шаралар шеңберінде делегация мүшелерін және тағы басқа тұлғаларды қызметтік мақсатта Астана қаласының аумағында, қалалар аралығында Scoda Octavia А7 қызметтік автокөлігімен тасымалдауды жүзеге асыру.
  2. 1 (бір) календарлық айда қызметтік автокөлік құралының Астана қаласы бойынша жалпы жүрген қашықтығы 2 100 (екі мың бір жүз) шақырымнан аспауы тиіс.
  3. Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілінен алынған жанармай талондарын нысаналы мақсаты бойынша қолдану және жол парақтары бойынша есепті айдан кейінгі 5 (бес) жұмыс күн ішінде Тапсырыс берушінің уәкілетті өкіліне есеп беру.
  4. Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалау. Жөндеу қажет болған жағдайларда дереу Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларына хабарлау.
  5. Автокөлік пен ондағы мүлікті сақтау бойынша шаралар қабылдау.
  6. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында көлік құралын барынша қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Тапсырыс берушіге автокөлікке техникалық қызмет көрсету қажеттілігі туралы уақтылы хабарлау.
  7. Жолға шығар алдында жүру бағытын нақты пысықтап, оны тікелей Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларымен келісуі қажет.
  8. Автокөлікті бос кезінде күзетілетін тұрақта / гаражда қалдыруы тиіс.

 

Көрсетілетін қызметтің талаптары:

    1. Біліктілік талаптары:
  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жүргізуші куәлігі (кемінде «B» санаты).
  2. Жүргізуші ретінде кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесінің болуы.
  3. Жол қозғалысы қағидаларын білуі және қатаң сақтауы.
    1. Кәсіби дағдылар:
  1. Автокөлікті қауіпсіз және сенімді басқару дағдыларының болуы.
  2. Қала ішінде және қала сыртында тиімді қозғалыс бағытын жоспарлай білу.
  3. Жол жағдайына (ауа райы, кептеліс, жол сапасы) байланысты дұрыс шешім қабылдау қабілеті.
  4. Автокөліктің техникалық жай-күйін бақылау және ұсақ ақауларды анықтай білу.
    1. Жеке қасиеттер:
  1. Жауапкершілік, тәртіптілік, ұқыптылық.
  2. Пунктуалдылық (уақытты қатаң сақтау).
  3. Стрестік жағдайларда сабырлық сақтау.
  4. Әдептілік, іскерлік қарым-қатынас мәдениетін сақтау.
    1. Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар:
  1. Медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.
  2. Көлік құралын басқаруға жарамды болуы (алкогольдік, есірткілік немесе уытты масаң күйде қызмет көрсетуге жол берілмейді).
    1. Мінез-құлық және қызмет көрсету стандарттары:
  1. Қызмет көрсету барысында іскерлік этиканы сақтау.
  2. Жолаушылармен сыпайы және бейтарап қарым-қатынас ұстану.
  3. Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау.
  4. Сыртқы келбетінің ұқыпты болуы.
    1. Қосымша талаптар (артықшылық ретінде):
  1. Басшылықты немесе делегацияларды тасымалдау тәжірибесі.
  2. Қала инфрақұрылымын жақсы білу.
  3. Қалааралық шығуларға дайын болуы.

 

Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:

  • телефон нөмірі: +7 (701) 135 6253
  • электрондық пошта: info@oq.gov.kz
  • мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 33, 705 кабинет.

 

Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі:

Көлік жүргізу қызметін көрсетуінің 1 (бір) сағаттың құнын көрсетуді ескере отырып, 2026 жылғы 24 сәуірге дейін коммерциялық ұсыныс беру.