«Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Кіші құрылтайын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Токио қаласында Азия қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастыру бойынша баяндамашы қызметтерін сатып алуға арналған
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ.
2. Жобаның атауы: 2026 жылғы 28 мамырда Токио қаласында өтетін Азия қазақтарының кіші құрылтайы іс-шарасында «Азиядағы қазақ диаспорасы: Мәдени код және гуманитарлық серіктестік» тақырыбында баяндама жасау.
3. Қызметтің мақсаты:
Азия қазақтарының кіші құрылтайының бекітілген бағдарламасына сәйкес, «Азиядағы қазақ диаспорасы: Мәдени код және гуманитарлық серіктестік» тақырыбында кәсіби баяндама жасау. Баяндаманың мақсаты – Азия аймағындағы қазақ диаспорасының мәдени бірегейлігін (мәдени кодын) сақтау және дамыту мәселелерін талдау, тарихи отанмен гуманитарлық, білім беру, мәдени және креативті салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың жаңа тетіктерін ұсыну.
4. Өтетін күні мен орны:
2026 жылғы 28 мамыр, Токио қаласы (Жапония).
5. Регламент:
Сөз сөйлеу ұзақтығы – кемінде 15 минут.
6. Мақсатты аудитория:
• қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері мен белсенділері;
• шетелде білім алып жүрген студенттер;
• кәсіпкерлер, IT-мамандар, креативті индустрия өкілдері;
• Қазақстан Республикасының азаматтары және отандастар;
• сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері;
• Қазақстанның мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне қызығушылық танытатын шетел азаматтары.
7. Қызметке қойылатын талаптар:
Азиядағы қазақ диаспорасының мәдени-гуманитарлық әлеуетін, отандастардың интеграциясы мен ұлттық кодты сақтау ерекшеліктерін қамтитын ақпараттық-танымдық баяндама дайындау;
Тақырыпты визуалды сүйемелдеумен (презентация, инфографика немесе бейнематериалдар) қамтамасыз ету;
Аудиториямен кері байланыс орнату, талқылау кезінде қойылған сұрақтарға кәсіби деңгейде жауап беру.
Қосымша талаптар:
Халықаралық форумдарда, конференцияларда, кіші құрылтайларда немесе мәдени шараларда көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесінің болуы үміткерге артықшылық береді. Іріктеу кезінде басымдыққа ие болу үшін мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыс өтілін немесе бұған дейін сөз сөйлегенін растайтын құжаттарды (диплом, шарт, анықтама, портфолио және т.б.) ұсыну құпталады.
Тілдік дағдылар: Мемлекеттік тілде (қазақ тілі) еркін сөйлеу және мазмұнды жеткізе білу. Ағылшын тілін меңгеру (артықшылық ретінде қарастырылады);
Ресми іс-шаралардың этикасын сақтау.
Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:
Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі 2026 жылғы 12 мамырға дейін.