«Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Кіші құрылтайын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Токио қаласында Азия қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастыру бойынша баяндамашы қызметтерін сатып алуға арналған
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ.
2. Жобаның атауы: 2026 жылғы 28 мамырда Токио қаласында өтетін Азия қазақтарының кіші құрылтайы іс-шарасында «Сазсырнай аспабының әлемдік музыкада алатын орыны» тақырыбында баяндама жасау.
3. Қызметтің мақсаты:
Азия қазақтарының кіші құрылтайының бекітілген бағдарламасына сәйкес, «Сазсырнай аспабының әлемдік музыкада алатын орыны» тақырыбында кәсіби баяндама жасау. Баяндаманың мақсаты – көне сазсырнай аспабының шығу тарихын, оның үн ерекшелігін және қазақ халқының музыкалық мұрасындағы рөлін ашу.
4. Өтетін күні мен орны:
2026 жылғы 28 мамыр, Токио қаласы (Жапония).
5. Регламент:
Сөз сөйлеу ұзақтығы – кемінде 15 минут.
6. Мақсатты аудитория:
– қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері мен белсенділері;
– шетелде білім алып жүрген студенттер;
– кәсіпкерлер, IT-мамандар, креативті индустрия өкілдері;
– Қазақстан Республикасының азаматтары және отандастар;
– сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері;
– Қазақстанның мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне қызығушылық танытатын шетел азаматтары.
7. Қызметке қойылатын талаптар:
Қазақстанның мәдени-ұлттық құндылықтары мен сазсырнай аспабының тарихын қамтитын ақпараттық-танымдық баяндама дайындау;
Тақырыпты визуалды сүйемелдеумен (презентация, инфографика немесе бейнематериалдар) қамтамасыз ету;
Аудиториямен кері байланыс орнату, талқылау кезінде қойылған сұрақтарға кәсіби деңгейде жауап беру.
Баяндамашыға қойылатын біліктілік талаптары:
Тәжірибе: Халықаралық форумдарда / конференцияларда / кіші құрылтайда / мәдени шараларда көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесінің болуы. Мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыс өтілін немесе сөз сөйлегенін растайтын құжаттарды (диплом, шарт, анықтама және т.б.) ұсыну қажет;
Тілдік дағдылар: Мемлекеттік тілде (қазақ тілі) еркін сөйлеу және мазмұнды жеткізе білу. Ағылшын тілін меңгеру (артықшылық ретінде қарастырылады);
Ресми іс-шаралардың этикасын сақтау.
Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:
– телефон нөмірі: +7 (705) 664 7211
– электрондық пошта: info@oq.gov.kz
– мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 33, 1106 кабинет, Шетелдегі отандастармен жұмыс департаменті.
Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі 2026 жылғы 5 мамырға дейін.