Азия қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастыру бойынша баяндамашы қызметтерін сатып алуға арналған ТС («Көмеймен ән айту дәстүрі ежелгі өнердің жаңа тынысы»)


«Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Кіші құрылтайын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Токио қаласында Азия қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастыру бойынша баяндамашы қызметтерін сатып алуға арналған

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

 

1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ.

2. Жобаның атауы: 2026 жылғы 28 мамырда Токио қаласында өтетін Азия қазақтарының кіші құрылтайы іс-шарасында «Көмеймен ән айту дәстүрі ежелгі өнердің жаңа тынысы» тақырыбында баяндама жасау.

3. Қызметтің мақсаты:

Азия қазақтарының кіші құрылтайының бекітілген бағдарламасына сәйкес, «Көмеймен ән айту дәстүрі ежелгі өнердің жаңа тынысы» тақырыбында кәсіби баяндама жасау. Баяндаманың мақсаты – көмеймен ән айту өнерінің тарихи тамырын ашу, оның көшпелілер мәдениетіндегі бірегей орнын көрсету және заманауи музыкалық кеңістіктегі жаңғыру мүмкіндіктерін талқылау..

4. Өтетін күні мен орны:

2026 жылғы 28 мамыр, Токио қаласы (Жапония).

5. Регламент:

Сөз сөйлеу ұзақтығы – кемінде 15 минут.

6. Мақсатты аудитория:

– қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері мен белсенділері;

– шетелде білім алып жүрген студенттер;

– кәсіпкерлер, IT-мамандар, креативті индустрия өкілдері;

– Қазақстан Республикасының азаматтары және отандастар;

– сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері;

– Қазақстанның мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне қызығушылық танытатын шетел азаматтары.

7. Қызметке қойылатын талаптар:

Қазақстанның мәдени-ұлттық құндылықтары мен көмеймен ән айту өнерінің тарихын қамтитын ақпараттық-танымдық баяндама дайындау;

Тақырыпты визуалды сүйемелдеумен (презентация, инфографика немесе бейнематериалдар) қамтамасыз ету;

Аудиториямен кері байланыс орнату, талқылау кезінде қойылған сұрақтарға кәсіби деңгейде жауап беру.

Баяндамашыға қойылатын біліктілік талаптары:

Тәжірибе: Халықаралық форумдарда / конференцияларда / кіші құрылтайда / мәдени шараларда көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесінің болуы. Мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыс өтілін немесе сөз сөйлегенін растайтын құжаттарды (диплом, шарт, анықтама және т.б.) ұсыну қажет;

Тілдік дағдылар: Мемлекеттік тілде (қазақ тілі) еркін сөйлеу және мазмұнды жеткізе білу. Ағылшын тілін меңгеру (артықшылық ретінде қарастырылады);

Ресми іс-шаралардың этикасын сақтау.

Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:

– телефон нөмірі: +7 (705) 664 7211

– электрондық пошта: info@oq.gov.kz

– мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 33, 1106 кабинет, Шетелдегі отандастармен жұмыс департаменті.

 Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі 2026 жылғы 5 мамырға дейін.