1. Мақсаты:
ABAI INSTITUTE веб-бөлімін шетелде қазақ тілі мен мәдениетін ілгерілетуге, сондай-ақ қазақ диаспорасымен және халықаралық аудиториямен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға арналған біртұтас цифрлық портал ретінде құру және дамыту.
2. Негізгі міндеттер:
- ABAI INSTITUTE атауымен жаңа бөлімді құру;
- жаңа бөлімді сайттың негізгі құрылымына (мәзір, навигация) енгізу;
- бөлім ішінде ішкі беттер мен бөлімшелер құрылымын қалыптастыру.
3. Жалпы біліктілік талаптары:
- жоғары білім;
- веб-беттер мен бөлімдерді әзірлеу және енгізу тәжірибесі.
4. Функционалдық және техникалық талаптар:
- oq.gov.kz ресми сайтының қолданыстағы архитектурасына толық интеграциялануы және сайттың басқа бөлімдері мен модульдерінің жұмысына кері әсер етпеуі тиіс;
- сайттың қолданыстағы дизайнына сәйкес келуі және барлық құрылғыларда (desktop, tablet, mobile) дұрыс жұмыс істеуі;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдайтын көптілділік мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- әртүрлі контент форматтарын қолдауы тиіс: мәтіндік материалдар, фотосуреттер, бейне және аудио материалдар, PDF құжаттар;
- контентті басқару жүйесі (CMS) арқылы әкімшілік панельден контентті қосу, өңдеу және жою мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- интерактивті элементтерді (тесттер, quiz-дер және басқа да геймификация элементтері) қолдауы тиіс;
- сыртқы сілтемелерді орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- пайдаланушыларды тіркеу функционалын, қайта бағыттауды (redirection), хабарламалар жіберу және контентті модерациялау;
- базалық SEO талаптарына сәйкес болуы тиіс (адамға түсінікті URL-мекенжайлар, meta-тегтер).
5. Қызмет нәтижелері:
ABAI INSTITUTE жаңа бөлім толық жұмыс істейтін күйде іске қосылуы.
6. Меншік құқықтары:
Әзірленген веб-функционалға қатысты барлық мүліктік құқықтар Тапсырыс берушіге тиесілі. Орындаушы Тапсырыс берушіге барлық бастапқы кодты және техникалық құжаттаманы толық көлемде, электрондық және қағаз нұсқаларда тапсыруға міндетті.
7. Қызмет көрету мерзімі: 2026 жылғы ақпан- мамыр.
Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 13 ақпанға дейін Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 708 923 41 64