«Oq.gov.kz» сайтының жұмыс іcтеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтің ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


1. Жалпы біліктілік талаптары: жоғары кәсіби білім

2. Мынадай құзыреттердің болуы:

- ақпараттық ресурстарды құру және сүйемелдеу саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде алты ай;

- Web-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігі негіздерін білу;

- сайтың дұрыс жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау, желідегі пайдаланушылар үшін сайттың қолжетімділігін үнемі қадағалау;

- қажет болған жағдайда интерфейсті өзгерту жөнінде кодтарды қосу, оңтайландыру және сайт ресурстарын бақылау;

- сайттың мәтіндік және визуалды мазмұнын жаңарту, өңдеу немесе ауыстыру;

- сайттың ақпаратын толтыру үшін тапсырыс берушімен, «Отандастар Қоры» КеАҚ-ның жауапты қызметкерімен өзара байланыс жасау, ресурстарды толтыруға барынша атсалысу;

- DDoS-шабуылдардан қорғаныс жүргізілу. Сайттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сайт файлдарының әрбір редакциясын резервке қою және балама қоймаларда сайттың қосымша көшірмесін жасау.

3. oq.gov.kz сайты бойынша техникалық ерекшеліктер:

1. oq.gov.kz cайтын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау.

2. Cайтқа отандастарға қатысты ақпараттарды салу.

3. «Отандастар Қоры» КеАҚ сайтының ай сайынғы статистикалық көрсеткіштерін дайындау.

4. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.

4. Қызмет көрету мерзімі: 2026 жылғы ақпан- қараша

Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 13 ақпанға дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны: +7 7172 23 59 93