«Шетелдегі отандастарға қазақ тілі курстарын онлайн өткізу» Оқытушыға қойылатын негізгі талаптар


ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы наурыз – қараша.

1. Білім және кәсіби құзыреттілік

  • Филология (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе педагогика мамандығы бойынша жоғары білім;
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен дидактикасын жақсы білуі;
  • Заманауи оқыту технологиялары мен цифрлық құралдарды қолдана білу.
     

2. Тіл деңгейін бағалау дағдылары

  • Оқушылардың тіл деңгейін анықтау және оларға сәйкес оқу бағдарламасын құру қабілеті;
  • Тіл үйренушілердің прогрессін қадағалап, оқу нәтижесін бағалау.
     

3. Педагогикалық дағдылар

  • Әр жас топтарына арналған (балалар, жасөспірімдер, ересектер) жеке әдістемелерді қолдана білу;
  • Сабақтарды қызықты, интерактивті, нәтижеге бағытталған түрде өткізу;
  • Қурсқа қатысушылардың мотивациясын арттыру, олардың қызығушылығын ояту.
     

4. Тіл меңгеру деңгейі

  • Қазақ тілін жетік білу (мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу және жазу);
  • Орыс және түрік тілдерін жетік білу қажет.
     

5. Жеке қасиеттер

  • Коммуникабельділік – қатысушылармен оңай тіл табысу;
  • Төзімділік – түрлі деңгейдегі қатысушылармен жұмыс істеу кезінде сабырлы болу;
  • Шығармашылық – оқу процесін әртүрлі форматта қызықты ұйымдастыру;
  • Жауапкершілік – белгіленген уақытта сабақ өткізу, материалдарды уақытында дайындау.
     

6. Техникалық талаптар

  • Жақсы интернет байланысы;
  • Онлайн сабақтар үшін қажетті құрал-жабдықтар: бейнекамера, микрофон, интерактивті тақта (немесе оның баламалары).
     

7. Қосымша артықшылықтар

  • Мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі;
  • Қазақ мәдениеті мен тарихын жақсы білу және оны сабақ барысында қолдану.
     

    Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 12 ақпанға дейін Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.
    Байланыс телефоны: +7 708 923 41 64