Шетелдегі отандаcтар үшін сапалы әрі пайдалы контент дайындау қызметі


Шетелдегі отандаcтар үшін сапалы әрі пайдалы контент дайындау

қызметі бойынша

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ  

 

Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім (ЖОО, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарын және т. б. көрсету).

Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы ақпан – қараша.

Мынадай құзыреттердің болуы: әлеуметтік желілерді жүргізу (SMM), іс-шаралар мен жобалар туралы ақпарат дайындау (копирайтинг), іс-шаралар туралы түсірілім жасау (мобилография), медиа-жоспар әзірлеуге қатысу, отандық және шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа мониторинг жасау.

Техникалық ерекшеліктер:

1. «Отандастар Қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) әлеуметтік желідегі парақшаларын (Facebook, Instagram, Telegram, Tiktok)  жүргізу және контент дайындау.

2. Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тарды мониторинг жасау.

3. Отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін ақпараттық парақтар дайындау.

4. Қоғамның іс-шаралары және/немесе жобалары туралы мобилография элементтерін қолдана отырып сапалы видеоконтенттер дайындау.

5. Қоғамның Youtube арнасының ай сайынғы статистикаcын дайындау.

6. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.

Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 4 ақпанға дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны: +7 7172 23 59 93

26.01.2026