«1С:Кәсіпорын 8 интернет арқылы» сервисіне 12 айға қолжетімділік көрсету қызметі


«1С:Кәсіпорын 8 интернет арқылы» сервисіне

12 айға қолжетімділік көрсету қызметінің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Қызмет атауы

«1С:Предприятие 8 интернет арқылы» сервисіне

қолжетімділікті ұсыну жөніндегі (бұдан әрі – Қызмет)

Қызметтің қосымша сипаттамасы

Потенциалды Орындаушы тарапынан Қызметті келесі көлемде және шарттарда ұсыну:

  • Жүйеге бір уақытта 3 (үш) пайдаланушының 24/7 режимінде кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету; 1 пайдаланушы = 1 сеанс;
  • «1С:Кәсіпорын 8 интернет арқылы» бұлттық платформасына қолжетімділік;
  • Қолжетімділік берілген күннен бастап 12 ай ішінде «1С:Кәсіпорын 8 интернет арқылы» бағдарламасын автоматты түрде жаңарту мүмкіндігі;
  • 1С бағдарламасында есеп жүргізу бойынша анықтамалықтар мен қадамдық нұсқаулықтарға және ИС ИТС шеңберінде ақпараттық-техникалық қолдауды ұсыну;
  • 1С бағдарламасының типтік функционалы бойынша кеңес беру, қажет жағдайда ұсыныстар беру;
  • Электрондық құжат айналымы, электрондық транспорттық құжаттар, контрагенттерді тексеру сервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • ИС ЭСФ порталымен тікелей алмасуды баптау;
  • Пайдалану режимдері – жұқа клиент, конфигураторға қолжетімділіксіз;
  • Ақпараттық базаны орналастыру мүмкіндігі, кеңейту мүмкіндігі жоқ.

Қауіпсіздік және құпиялылық

  • Автоархиваторды кемінде 7 күнде бір рет баптау.
  • Қызмет көрсету барысында алынған Тапсырыс берушінің ақпаратының ақпараттық қауіпсіздігі мен сақталуын, құпиялылық шарттарына сәйкес қамтамасыз ету.

 

Қолдау қызметі

  • Тапсырыс берушіге орындаушының техникалық қолдау қызметіне 9:00-ден 18:00-ге дейін жүгіну мүмкіндігі ұсынылуы тиіс;

 

Конкурсқа қатысуға және коммерциялық ұсыныс беруге өтінім 2025 жылғы 5 қарашаға дейін g.kudabek1970@gmail.com электрондық пошта адресіне немесе Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 (Аманат партиясы ғимараты), 3-қабат мекенжайына қабылданады.