Төмендегі ақпаратты қамтитын мамандандырылған бухгалтерлік интернет-ресурсқа қолжетімділік:
— ҚР нормативтік-құқықтық базасы: Заңдар, Бұйрықтар, Қаулылар, Конвенциялар, Келісімдер, Жарлықтар, Кодекстер, Стандарттар, Хаттамалар және т.б. нормативтік-құқықтық актілер;
— «Кадрлық көмекші». Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа жұмыс орнына ауыстыру, жұмыстан шығаруды дұрыс рәсімдеуге байланысты мәселелерді тез шешуге арналған анықтамалық жүйе;
— «Салалардағы есеп». Әр түрлі салалардағы бухгалтерлік есеп және салық салу бойынша практикалық түсініктемелер.
— Бухгалтерлік есеп, салық салу, Еңбек заңнамасы, Кеден Одағы бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптардың мұрағаты, ЭШФ АЖ, ӘК, СНТ бойынша консультациялар; ЭШФ АЖ, ӘК, СНТ бойынша жауаптар.
— Бухгалтерлік есеп, салық салу және еңбек бойынша жазбаша кеңес алу мүмкіндігі НҚА-ға сілтеме жасай отырып аптасына 3 (үш) реттен кем болмауы тиіс;
— Бухгалтерлік есеп және салық салу бойынша телефон арқылы кеңес алу мүмкіндігі Аптасына 3 (үш) реттен кем болмауы тиіс;
— Есеп айырысу қызметтері: жалақыны есептеу, демалыс, аурухана, ЖМП, әлеуметтік аударымдар, дисконттау, МӘМС, ҚҚС, 300.00 СЕН-ді СЕӨЖ-дан Excel-ге экспорттау.
— Салық, қаржылық және статистикалық есептерді толтыру қағидалары мен үлгілері бар «Есептер» бөлімі;
— ХҚЕС, ҰҚЕС, ҚСХҚЕС стандарттары және Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары;
— ҚР министрліктері мен ведомстволарының түсіндірмелері;
— Мақалаға сілтемелер арқылы кілт сөздерді пайдаланып ақпаратты қосымша іздеу мүмкіндігі.
— Анықтамалық ақпарат: жұмыс уақытының балансы, өндірістік күнтізбе, салық төлеушінің күнтізбесі, жіктеуіштер, кодтар, ставкалар мен төлемдер, нормалар мен шығыстар, статистикалық жіктемелер, БТБА, конвенциялар мен келісімдер, шоттардың үлгі жоспары, айыппұлдар, формулалар мен есептеулер.
— Жазбаларына қол жеткізе отырып, өзекті тақырыптарға арналған вебинарларға қатысу мүмкіндігі;
— Контрагенттер туралы ресми ақпаратты іздеу мүмкіндігі;
— Жаңалықтар бөлімдері.
— Жеткізілім жиынтығы: Интернет-ресурсқа ЭЦП, немесе логин арқылы 1 пайдаланушының кіруі;
— Қолжетімділік мерзімі: 12 ай.
Әлеуетті қызмет орындаушылар өз ұсыныстарын 2025 жылғы 28 қазанға дейінгі мерзімде Мекен-жайы: Астана қ., Қонаев к-сі, 12/1, кеңсеге немесе электрондық пошта арқылы: info@oq.gov.kz
22.10.2025