Хабарландыру
«Отандастар қоры» КеАҚ зерттеулер жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау бойынша қызметтер көрсетуге орындаушылыққа үміткерлер арасында конкурс жариялайды. Қызметтер көрсету туралы толыққанды ақпарат техникалық ерекшелікте көрсетілген.
Құжаттарды тапсыру: Құжаттар 2025 жылдың 9 сәуіріне дейін ұсынылуы тиіс. Құжаттарды көрсетілген мекен-жайға қолма-қол өткізуге немесе info@oq.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады. Құжаттар түгел болмаған жағдайда, орындаушы үміткер конкурсқа қатыстырылмайды.
Мекен-жай: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 12/1, 3 қабат, «Отандастар қоры» КеАҚ Талдау және стратегиялық даму департаменті. Байланыс телефоны: 8 (7172) 235943.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Қызмет көрсетудің Техникалық ерекшелігінің 1 тармағында көрсетілген орындаушы үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар;
2. Өтінім (еркін нысанда);
3. Коммерциялық ұсыныс (еркін нысанда).
Зерттеулер жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау бойынша қызметтер көрсетудің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІН - ЖҮКТЕУ