Бұл туралы Forbes.kz-ке стартаптың негізін қалаушы Бақытжан Дос айтып берді. АҚШ, Бразилия, Мексика және Кариб бассейнінде жұмыс істейтін Аdapt Shop стартапын қазақстандық кәсіпкерлер Бақытжан Дос пен Ербол Көпжасар 2021 жылдың жазында құрды.
Олардың мақсаты шағын интернет-дүкендердің қиындықтарын жеңілдету, себебі олар үшін өз сауда платформасын әзірлеу қымбат және көп уақытты қажет етеді. Adapt Shop – бұл әлеуметтік желілер арқылы сауда жасайтын шағын және орта бизнеске арналған электрондық сауда платформасы. Интернет-дүкенді Аdapt Shop мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде іске қосуға болады.
Бақытжан атап өткендей, оның командасы шағын бизнестің сұранысын толық қанағаттандыратын өнім жасады. Сонымен, айына небәрі 24 долларға пайдаланушы смартфонында CRM жүйесі, қойманы есепке алу, төлемдерді қабылдау, түгендеу, клиенттердің мәліметтер базасы, кассир, менеджер кабинеті және т.б. бар толыққанды интернет-дүкен алады.
Мұнда пайдаланушы интернет-дүкенін өңдей алады, доменін қосады, фотосуреттер мен бейнелермен өнімнің толық сипаттамасын жүктей алады.
- Adapt Shop-тың product-market-fit-нұсқасының соңғы әзірлеу процесін біз 2022 жылдың желтоқсанында аяқтадық. Бірақ біз пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін өнімді әрі қарай жетілдіреміз, өйткені өнімді әзірлеу – бұл итеративті процесс. Өнімді әзірлеу барысында біз әлеуетті пайдаланушылармен келіссөздер жүргіздік, олардың проблемаларын анықтадық және алдымызға олардың «қиындықтарын» шешу міндетін қойдық», – дейді Дос.
Неліктен маркетплейстердің үстемдігі кезінде шағын бизнеске өзінің интернет-дүкенін ашу қажет деген сұрақ туындайды. Себебі үлкен платформалар үлкен комиссиялар алады. Егер шағын интернет-дүкеннің иесі өзінің сауда платформасын құрғысы келсе, ол оған кемінде бес миллион теңге жұмсайды, сонымен бірге платформаның сапалы жасалатынына кепілдігі жоқ.
- Бизнес сату арналарын әртараптандыруды үйренуде. Батыс әлемінде қазір DTC тұжырымдамасы белсенді дамып келеді (делдалдарсыз өз клиенттеріне тікелей сату). Маркетплейстер – бұл шағын бизнеске алғашқы клиенттерін табуға, содан кейін трафикті тікелей тартуға, делдалдарсыз ақша табуға мүмкіндік береді және біз де оларға осындай мүмкіндік береміз. Жеке сату арнасы өз брендіңді дамытуға мүмкіндік береді. Шағын бизнес – бұл әрдайым сторителлинг және қызмет көрсетуден тұрады, сонымен қатар қызмет көрсетуде ол үлкен маркетплейстегі саудаға қарағанда әлдеқайда арзанырақ, себебі маркетплейсте пайыз беру керек, – деп атап өтті Аdapt Shop-тың негізін қалаушы.
Adapt қазірдің өзінде АҚШ, Мексика, Бразилия және Кариб теңізі елдерінде орнықты және тұрақталды. Қазақстанда да пайдаланушылар бар, бірақ жалпы 12,5 мыңның 1500-ге жуығы ғана Қазақстаннан. Мүмкін, бұған шағын нарық пен маркетплейстердің танымалдылығы әсер ететін шығар.
Adapt-тың негізін қалаушы атап өткендей, жаңа әлемге шығу мүлдем жоспарланбады. Бір жыл бұрын, қосымшаны іске қосқан кезде компания Ресей нарығында дамуды жоспарлады.
- Біз Ресейдегі шағын және орта бизнеске 15 мың клиент жинап, одан жақсы табыс табамыз деп жоспарладық. Біз қазірдің өзінде пайдаланушылар пулын белсенді түрде жинадық, бірақ 2022 жылдың ақпанында күтпеген жағдай болды... Осылайша біз монетизацияға қол жеткізе алмадық. Әрине, ресейлік пайдаланушылардан төлемдерді қабылдаудың әртүрлі схемаларын ойлап табуға болады, бірақ бұлай ауқымды бизнес жасау мүмкін емес. Оған қоса шығындарда қыса бастады. Сондықтан, 2022 жылғы жаздың аяғында біз Ресейден толығымен шығып, қосымшамызды ресейлік AppStore мен GooglPlay-дан алып тастадық, - дейді Дос.
Заңды түрде Аdapt АҚШ-та тіркелген және бас кеңсе сол жерде, бұлай инвестиция алу оңайырақ болды. Стартаптар өздерінің алғашқы ақшаларын – 250 мың АҚШ долларды американдық венчурлық қор 500 Global-дан алды. Ал 2022 жылдың күзінде Adapt Shop Қазақстандық инвесторлар – Мұрат Әбдірахманов пен Most Ventures-тен 500 мың доллар тартты.
Әбдірахмановқа мен алғаш рет бір жарым жыл бұрын жаздым, ол біздің жобаға қызығушылық танытпады. Бірақ ол 2022 жылы жобаға кіруге шешім қабылдады. Мұрат – бизнес тәжірибесі бар адам, өте орынды сұрақтар қойды, нағыз венчурлық инвестор. Бізге оның инженерлік тәсілі ұнады және бұл бағытта біз онымен бір толқында болдық. Менде бұрыс та, дұрыс та инвестициялық тәжірибе бар.
Бұрыс инвестиция – бұл әуесқой инвестор өзінің соңғы ақшасын салады, үнемі қате сұрақтар қояды және компанияны ешқайда апармайтын кеңестер береді. Стартаптың жетістігі оның алғашқы инвесторларымен де байланысты, сондықтан біз бұл мәселеге өте мұқият қарадық. Ал венчур – бұл әрдайым нар тәуекел», - дейді Дос.
Әбдірахманов Forbes.kz-ке айтқандай стартапқа оны ынталы және сауатты команда қызықтырды. Сонымен қатар, Adapt нарықтағы нақты мәселені шешеді, жақсы бастапқы trection (стартап командасы өз идеясын бизнесті қаншалықты сәтті жасайды) және дамыған нарықтардағы жоғары өсу әлеуетін көрсетті.
Бүгінгі таңда Adapt Shop-тың басты жаһандық бәсекелестері – американдық Shopify (кірісі 2,9 миллиард доллар) және Squarespace (кірісі 700 миллион доллар). Бірақ Дос айтқандай, оның стартапы ыңғайлы мобильді қосымшаның және әлеуметтік коммерцияға басымдық берудің арқасында күштірек.
- Иә, бәсекелестер десктопта күштірек. Бірақ біз пайдаланушыларымыздың шағын бизнес өкілдері екенін және олардың орташа жасы 30 жаста екенін түсінеміз. Яғни, бұл қолдарында смартфондарымен бірге өскен ұрпақ. Сондықтан біз мобильді қосымшаны қолданушы үшін ыңғайлы нұсқаға дейін жеткіздік, – дейді Дос.
Adapt Shop кірген нарық көлемі жағынан таң қалдырады. Достың айтуынша, әлемде 150 миллионға жуық шағын бизнес өкілдері бар, олардың аз ғана бөлігі 2-3% онлайнға көшті, бірақ олардың саны барған сайын тез өсіп жатыр.
– Біз әзірге осы алып нарық бізге бере алатын барлық мүмкіндіктерді сезініп жатырмыз. Сондықтан болар, біздің өсуіміз қазір онша жылдам емес. Жалпы, бұл нарықтың ерекшелігі бар – үлкен ағын: шағын бизнес үнемі жабылып, жаңалары пайда болады және бұл қалыпты жағдай.
Сондай-ақ біз басты назарымызды неғұрлым орташа, арасында жойылып кету қаупі төмен және олардан монетизация тұрақты түсетін шағын бизнес өкілдеріне аударамыз. Стартап әрқашан он есе өсу үшін «шексіздікті тежеу» туралы, біз қазір соны істеп жатырмыз, – деп әзілдейді стартаптың негізін қалаушы.
Бұл нарықты TikTok та бақылауға алуды жоспарлап отыр және әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі онлайн дүкендерді ашу мүмкіндігін іске қосады және Adapt Shop жаһандық желінің бес әлемдік серіктестерінің біріне айналды.
- Bytedance Ltd Холдингі (оған TikTok және басқа да бірқатар интернет-компаниялар кіреді) әрдайым алға ұмтылады және өз аудиториясын белсенді түрде монетизациялаудан қорықпайды. Қазір алты елде компания өзінің интернет-дүкенінің функционалдығын бета-тестілеуден өткізіп жатыр. Олар серіктестерді өте мұқият таңдады – ұзақ келіссөздер болды, енді 2022 жылдың соңында олармен келісім жасасып, платформаларды біріктіре бастады, – деп атап өтті Дос.
Неліктен TikTok өзінің интернет-дүкен платформасын жасамайды деген сұраққа Дос «оларға Adapt Shop қажет» деп жауап берді, өйткені олар өздерінің электрондық платформасын жасау ұзақ және қымбат болатындығын түсінеді және оларға сараптамасы бар компаниялармен жұмыс істеу ыңғайлы». TikTok-пен ынтымақтастық– бұл стартап үшін Латын Америкасында және мүмкін Азияда әлеуетті құруға жақсы мүмкіндік береді. Айт кетерлік жәйт, TikTok 2023 жылдың жазында бүкіл әлем бойынша интернет-дүкендердің функционалдығын іске қосады.
Айтпақшы, команда Африка да жұмыс істеп үлгерді, бірақ жергілікті сатушылар «заңды емес тауарларды» платформа арқылы сатуға тырысқаны үшін қолайсыз жағдайға тап болды, жалпы Африкадағы жұмыс ыңғайлы уақытқа дейін тоқтап қалды.
Неліктен стартап өзінің жеткізу қызметін дамытпайды деген сұраққа (сонда компания қызметтердің барлық тізбегін ұсынар еді), Дос Adapt Shop – бұл жаһандық компания деп жауап берді және әр нарықта жеткізілім бойынша өз көшбасшылары бар, сіз оны одан арзанырақ және жақсырақ жасай алмайсыз.
- Жеткізу – бұл күрделі бизнес, есеп-қисабы өте қиын, оны бөлек жасау керек. Жеткізуде әрқашан жергілікті ойыншы жеңеді. Мысалы, бұл такси сияқты операциялық сыйымды бизнес және картельдердің әлеуетін жете бағаламау дұрыс емес, - деді ол.
Әзірге компания қолданыстағы нарықтарды дамытуды, өздеріңіз білетіндей жаңа нарықтарға шығудың және Adapt Shop-ты жетілдірудің шегі жоқ. Мәселен, команда қазір жасанды интеллектті (Ai) белсенді түрде сынап жатыр, ол әлеуметтік желілерге посттар жазады және ШОБ үшін сайттар жасайды.
- Біз тұтынушыларымыздың көпшілігі өз контентін жасамайтынын және оларға сатылымды арттыруға көмектесетін посттар жазбайтынын байқадық. Сондықтан біз стартаптың ішінде оларға кілт сөздер пайдалана отырып жасайтын сервис құруды шештік, - деп атап өтті Дос.
Adapt командасы ай сайын ондаған гипотезаларды сынайды, тәжірибе жасайды және үнемі жаңа нәрселерді сынап көреді, бір сөзбен айтқанда алтынды құмнан тазалайды. Достың айтуынша Amazon ай сайын жүздеген идеяларды сынап көреді және тек бірнешесі ғана пайдаланушының қолданысына жетеді. Adapt ондаған идеяларды сынақтан өткізеді және бұл командаға уақыт талабына сай болуға және жаңа нарықтар мен жағдайларға бейімделуге көмектеседі.
Мұндай жұмысты командасыз жасай алмайтынымыз анық. Бір қызығы, Аdapt-тың барлық кодтаушылары – senior деңгейінде.
- Бізде тек сегіз адам «кодтаушы». Менің ойымша, тек шағын компания ғана бұл жетістікке жете алады. Шынында да, үлкен ұжымдарда жауапкершілік дұрыс үлестірілмейді, барлығы бір-бірінің артына тығылады. Танымал оқиға: Netflix өз жұмысшыларының 50% -ын жұмыстан шығарған кезде, компания тиімдірек жұмыс істей бастады.
Кез-келген компанияда ең көп жұмыс істейтін бірнеше адам бар, қалғандары қажетті деңгейде жұмыс істемейді. Тағы бір танымал мысал: Instagram-да 100 миллион қолданушыны жинағанға дейін 56 адам жұмыс істеді. Біз қызметкерлердің санын қуаламаймыз, сапаға назар аударамыз, - деп қорытындылады Дос.
Шетелде жүріп үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбаттар циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлескен жоба.