Майамидегі танымал мейрамхананы Орал қаласынан келген қыз басқарады

02 Мамыр, 2023

Ешбір қолдаусыз Қазақстандық қыз оқуын табысты мансаппен ұштастыра отырып, АҚШ-та екінші білім алуда.

Майамидегі жағажайлардың бірінде орналасқан  жоғары сұранысқа ие Milos мейрамханасына жыл сайын мыңдаған жергілікті тұрғындар мен туристер, соның ішінде атақты адамдар келеді. Ресторан 2021 жылы ең жақсы Ocean Drive теңіз өнімдері мейрамханаларының бірі атағын алды, ал 2020 жылы Purewow рейтингінде Оңтүстік жағажайдың абсолютті үздігі атанды. Мұнда 150-ге жуық адам жұмыс істейді, ал оларды 27 жастағы Қазақстаннан келген Гүлнар Мырзағалиева басқарады.

Ия, ресторанды басқару оңай емес –1100 шаршы метрлі және айналымы бірнеше ондаған миллион долларды құрайтын үлкен мейрамхананың барлық күрделі қаржылық-экономикалық бөлігі оның иығында. Гүлнардың айтуынша, әрбір доллар ол арқылы өтеді.

Forbes.kz берген сұхбатында Гүлнар Мырзағалиева АҚШ-қа не үшін кеткені, жоғары деңгейлі мейрамханада басшылық лауазымға қалай қол жеткізгені, Штаттарда қандай қиындықтарға тап болғаны және Қазақстаннан келген жұмыскерлерді американдықтар неге сонша бағалайтыны туралы айтып берді.

Оралдан Майамиге жол

Гүлнара Орал маңындағы Шыңғырлау ауданының Тасмола шағын ауылында туып-өскен. Оны атасы мен әжесі өсірді. Олар бала кезінен Гүлнарды жұмысқа дағдыландырып, жақсы оқуды талап етті.

- Әрине, ауылдағы өмірдің қаладағы өмірден өзгешелігі бар. Біз пеш жағып, су тасыдық, барлық үй керек-жарақтары аулада болатын. Менің ата-анам болмады, мені ата-әжем тәрбиеледі. Әжем маған әрқашан жақсы оқы, ағылшын тілін үйрен сонда сен әлемді танисың дейтін – деп еске алады Гүлнар.

Туған ауылында мектепті бітірген Гүлнар Орал қаласына көшіп, «Еуразия» университетіне аудармашы болып оқуға түсті. Бірінші курста, 2013 жылдың ақпанында қыз өзінің туысынан Work and Travel бағдарламасы туралы білді. Сонымен қатар, туысы Гүлнар АҚШ-қа барғысы келсе, ақша жағынан көмектесуге уәде берді. Ал қыз келісті.

- Бірінші курстан кейін Мен және университеттегі досым Солтүстік Каролинаға үш айға бардық. Ол бірден қалуға шешім қабылдады. Мен Қазақстанға оралдым, екінші курсты аяқтадым және 2014 жылы түпкілікті АҚШ-қа кеттім. Мен қайтадан Солтүстік Каролинаға оралдым, бірақ бұл туристік аймақ болғандықтан, мен Майамиге көшуді ойладым. Флоридада даму мүмкіндіктері көбірек, өмір біршама арзанырақ, сонымен қатар жақын жерде мұхит бар және мәңгілік жаз», - деп түсіндірді Гүлнара өз таңдауын.

Self-made

Гүлнара әрқашан Америкаға көшуді армандайтын және мәселе тіпті жақсы өмір сүруге ұмтылуда емес. Қыздың айтуынша, ол менталитеттің ерекшеліктерінен және жақындарының әйелдің басты мақсаты – тұрмысқа шығып, бала бағу деген секілді сенімдерден қашқысы келді.

- Мен некеге және балаларға қарсы емеспін, мен де мұны қалаймын, бірақ бұл мен үшін өмірдегі жалғыз мақсат емес. Мен саяхаттап, өзімді дамытып, әрі қарай мансапқа ұмтылғым келеді. Еркін болғым келді, басқа адамдардың мен туралы не ойлайтынына немесе маған өз ой-пікірлерін тықпаламайтынына алаңдамай өмір сүргім келді. Маған бұл ешқашан ұнамады. Мұнда адамдар өзгеше, мінездері, өмір сүру деңгейі басқа,өз таңдауында еркін, - деп түсіндіреді Гүлнар өз шешімін.

Гүлнардың ұнатпайтын Қазақстан қоғамындағы менталитеттің тағы бір ерекшелігі – жұмысқа орналасу кезінде «тамыр-таныстың» маңыздылығы.

- Мұндай АҚШ-та да бар: Сізді қандай да бір компанияға жұмысқа алу үшін біреудің ұсынымы маңызды. Бірақ ұсынымды алу үшін сіз тамыр-таныс емес шыныменде жақсы адам, маман болуыңыз керек – бұл үлкен айырмашылық, дейді сұхбаттасушы. - Мұнда сіз  кез келген мақсатқа жете аласыз, бастысы – үздіксіз даму және тырысу.

Мансап сатысы (жолы)

Майамиге келген Гүлнар АҚШ-тағы шетелдіктер жолымен жүріп, өзінің еңбек жолын даяшы ретінде бастады. Ақша тек негізгі қажеттіліктерге – баспана мен азық-түлікке жеткілікті болды, бірақ Гүлнар көбірек ақша табу, ақша жинау және университетке түсу керек екенін түсінді. Содан кейін ол аймақтық ассистент лауазымына адвокаттар кеңсесіне орналасты. Табысы көбейе түсті, бірақ оны оқуға жұмсау үшін әлі де жеткіліксіз болды. Содан кейін Гүлнар екінші жұмысқа, кешкі жұмысқа шығуға шешім қабылдады. Бұл оның мансаптағы негізгі сатысы болды.

- 2018 жылы мен Milos мейрамханасына әкімші болып жұмысқа тұрдым. Бұл лауазымда мен бір ай жұмыс істедім және кейіннен маған есепші лауазымы ұсынылды, осылайша олар менің көптеген мәліметтерге жауапкершілікпен және мұқиятпен қарайтынымды алға тартты. Мен келістім. Содан кейін олар операциялық менеджерді жұмыстан шығарды, маған оның позициясы ұсынылды, - деді Гүлнар Мырзағалиева.

4 жылдан бері Гүлнар мейрамхананы толығымен басқарады және әр доллардың қозғалысы туралы біледі.

- Греция мен Португалиядан теңіз өнімдеріне тапсырыс беремін, оларды ұшақпен жеткіземін, төлеймін. Мен өнімдердің болуын қадағалаймын, лицензияларды жыл сайын ұзартамын, жалпы, бизнес үшін қажет нәрсенің бәрін жасаймын. Біз күніне 400-500 тұтынушыға қызмет көрсетеміз. Мен Майамидегі мейрамханада жұмыс істейтіндердің барлығын басқарамын және оларға уақытында жалақы берілетініне көз жеткіземін. Менің мұнда бастығым жоқ, олар Монреальда және Нью - Йоркте", - деп түсіндірді сұхбаттасушы.

Майамидегі мейрамхана бизнес иелері үшін жалғыз мейрамхана емес. Milos Лас-Вегаста, Лондонда, Афинада, Монреалда да бар (Алғашқы Milos мейрамханасы 1979 жылы ашылған). Жақында Дубайда мейрамхана ашылып, Лос-Анджелес пен Майамиде тағы бір орын пайда болады. Сонымен қатар, Нью-Йоркте Гүлнар басқаруға көмектесетін екі мейрамхана бар. Жылына ол әр түрлі бонустар мен әлеуметтік пакетті есептемегенде шамамен 100 мың доллар алады.

Қазақстан қауымдастығы

Соңғы кездері Штаттарда қызықты тенденция пайда болды, дейді Гүлнар. Американдықтар көбінесе посткеңестік кеңістік елдерінің жұмысшыларымен ынтымақтастық орнатуға тырысады. Олар мұны Америкаға жақсы өмір іздеп көшетіндердің барлығы дерлік еңбекқор, мақсатты және жауапты екендігімен түсіндіреді. Көптеген адамдар өз бизнестерін құруда оларды басшылық лауазымға алып жатады және олардың арасында мемлекеттік жәрдемақыға сеніп өмір сүріп жүргендер жоқтың қасы, ал бұл американдық жұмыс берушілер үшін жұмысқа алуға жақсы көрсеткіш.

- Мұнда жұмысқа алу кезінде сіз туралы кеңес беріп, ұсынуы өте маңызды. Сипаттама өте маңызды. Бірақ сонымен бірге жұмысқа байыпты қарайтын жауапты адамдар аз. Мейрамханада жұмыс істеген жылдары мен көптеген жауапсыз адамдарды көрдім, олар сағат үште келемін дейді де, сағат бесте келеді немесе мүлде келмейді. Сонымен бірге, осында жұмыс істейтін посткеңестік кеңістіктегі «біздің» жерлестеріміз көбінесе өте жауапты. Мен олармен жұмыс істегенде, маған әлдеқайда жеңіл, олар ешқашан қосымша сұрақтар қоймайды және сонымен бірге өз істерін өте жақсы орындайды, - дейді Гүлнар - Бізде Қазақстандықтар қауымдастығы бар, кездесулер өткіземіз, қарым-қатынас жасаймыз. Жыл сайын Қазақстаннан келгендердің қатары көбейіп келеді және олардың барлығы дерлік жақсы жұмыстарға орналасуда.

Уақытша қиындықтар

Қазақстандықтар үшін бәрі оңай және сәтті болып жатыр ма деген сұраққа Гүлнар күліп,жауап берді: Әрине, жоқ. Қиындықтар бар және олар көп. Оның пікірінше, негізгі қиындықтар мәдениет пен менталитеттің үлкен айырмашылығынан туындайды.

- Бір қызығы, американдықтардың өздері өте сыпайы және олар кез-келген мәдениетке үлкен құрметпен қарайды, ал біз әрқашан олардың құндылықтарын ескермейміз. Мұндай қарым – қатынас дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін», - деп түсіндіреді Гүлнар.

Тиісінше, қиындықтар тілдік кедергілерге байланысты туындайды. Бірақ егер сіз мақсат қойсаңыз, оны тез түзетуге болады –  ең бастысы ұмтылыстың болуы - дейді Гүлнар.

- Мен осында көшкен кезде ағылшын тілінде сөйлей алмадым, ағылшын тілін тек базалық деңгейде білдім. Содан кейін мен достарыммен сөйлесуді тоқтаттым. Осында өмір сүреді екенмін, ағылшын тілін тез үйренуім керек деп шештім. Мен орыс тіліндегі қарым-қатынасты толығымен шектедім, өзімді тек ағылшын тілінде сөйлеуге және тек американдықтармен сөйлесуге мәжбүрледім. Осылайша жаңа өмірге толықтай енуге тырыстым.

Дегенмен, Гүлнар барлық қиындықтарға қарамастан отанына оралғысы келмеді.

- Әрине, қиын сәттер болды, ақша жетіспеді. Менің қазір тапқан жалақым сол кезде мүмкін емес сома сияқты көрінді. Қолдау көрсететін ешкім болмады. Ешкімге арқа сүйей алмайтынымды, бұл шешімді өзім қабылдағанымды, егер қиындықтар туындаса, оларды шешу керек екенін, әрі қарай жүру керек екенін, мықты болу керек екенін білдім, - деп еске алады Гүлнара - Бұл ішінара өзіме қолымнан барлығы келетінін дәлелдегім келгендіктен болар. Қазақстаннан кетіп бара жатқанымда маған ешкім аса сенбеді. Олар менің небәрі 19 жаста екенімді алға тартып, қолымнан келмейтінін және бәрібірде елге оралатынымды айтатын. Бұл да менің бас тартпауыма түрткіл болды.

Бірақ отанына оралғысы келмеу қыздың өз еліне немесе мәдениетіне деген сүйіспеншіліктің жоқтығын білдірмейді. Керісінше, Гүлнар қазақ дәстүрлерін ұмытпай, олар туралы американдық достарына да айтып береді.

- Біз өз отанымызды, дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек және мен әрдайым достарымды біздің мәдениетімізбен таныстыруға тырысамын. Мысалы, біз Наурыз мерекесін тойлағанды жақсы көреміз. Менің барлық американдық достарым мен жолдасым наурыз мерекесін, сондай-ақ ұлттық тағамдарымызды, әсіресе бешбармақты жақсы көреді. Бірақ олар құртты ұнатпайды, түсінбейді, - деп күледі Гүлнара - Олар Қазақстанға қызығушылық танытады, өйткені олар үшін біз бәріміз қытайлықпыз және менің Қазақстаннан екенімді білгенде, біздің ел туралы көбірек білуге тырысады.

Болашаққа жоспар

Ағымдағы жылдың тамыз айында Гүлнар «қаржыгер» мамандығы бойынша американдық колледжді тәмамдайды. Бұл Гүлнардың АҚШ-та тәмамдайтын екінші оқу орны. Икемді жұмыс кестесі мен жұмыс жылдарында құрылған ұжыммен сенімді қарым-қатынас мейрамханадағы жұмыс пен оқуды ұштастыра алып жүруге көмектеседі.

- Жұмыста да, оқуда да бәрін жасауға уақыт болу үшін сіз өте ұйымшыл болуыңыз керек, оқу мен жұмыс бір-біріне кедергі келтірмеуі үшін уақытыңызды дұрыс пайдалануды білуіңіз қажет. Мен өзімді жұмыста жауапты адам ретінде көрсете алдым, егер маған жұмыс орнынан оқуға кету керек болса, яғни мен жұмыс орнында барлық міндетімді орындап кеткендімді білдіреді, - дейді Гүлнара.

Болашақта Гүлнара банк саласына жұмысқа кетуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, мейрамхана бизнесі өте жауапты және күрделі жұмыс, өйткені егер бір бағытта, мысалы, жеткізілім тізбегінде кідіріс орын алса, онда көптеген процестер тоқтап қалады. Қызметтің басқа саласы жеке дамудың қосымша кезеңін береді.

- Мен отбасыма, әпкелеріме және жалпы қыздарға үлгі болғым келеді. Мен әйел адамның тек отбасыда ғана емес кез келген салада жетістікке жете алатынын, даму керек екенін, өмір тек неке мен жүкітілік демалыспен ғана шектелмейтінін көрсеткім келеді, - деп түйіндейді Гүлнар Мырзағалиева.

Шетелде жүріп үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбаттар циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлескен жоба.