Корпорациядағы өсім үлгерімі бойынша ең жоғары көрсеткішпен мақұлданды
Forbes Kazakhstan «30-дан 30-ға дейін» рейтингісінің қатысушысы Малика Әубәкірова 2010 жылы жоғары сынып оқушыларына арналған FLEX алмасу бағдарламасына қатысуды тағдырдың бетбұрыс кезеңі деп санайды. Сол уақытқа дейін Маликаның отбасы Қарағандыдан Астанаға көшіп келді, математикадан үлгерімі жақсы Малика елордалық №9 лицейде оқыды (бұл лицейді «30-дан 30-ға дейін» рейтингісінің тағы бір лауреаты-американдық lucid Motors компаниясының инженері Азат Сүлейменов бітірді).
«Біз тестілеу кезегін күтіп отырғанымызда, досым кафеге пицца жеуге баруға көндірді. Тәуекелге бел бууға тура келді, сонымен қатар іріктеуден өтіп, Америкаға оқуға түсу мен үшін қиял ғажайып әлеміндегі бір нәрсе сияқты көрініп, бұл менің Марсқа жетуге деген мүмкіндігіммен пара-пар көрінді. Дегенмен, мен барлық үш раундтан өтіп, он оқушының қатарында АҚШ-қа бардым.
Калифорнияда фермердің отбасында тұрдым. Бұл өте ерекше тәжірибе болды. Сіз өзіңізді қалай ұстау керектігін, онда қандай тәртіп бар екенін білместен, басқа біреудің үйіне тұруға келесіз. Бірақ мен барған отбасыдағы адамдар маған өте мейірімді болды, біз әлі де доспыз» - дейді 29 жастағы Малика.
Ойлануға уақыт келді
Бір жыл Американдық отбасыда өмір сүру, жергілікті мектепте оқу ағылшын тілін жақсартуға мүмкіндік берді, қазақстандық қыз тіпті өз сыныбындағы үздіктердің біріне айналды. Әлемге деген көзқарас та өзгерді: АҚШ-та жоғары білім алу перспективасы енді шындыққа жанаспайтын болып көрінді, дегенмен Маликаның айтуынша, отбасыда артық ақша болмады, сондықтан ата-анасы оның оқу ақысын төлей алмас еді. Отанына оралғаннан кейін ол мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, 2012 жылы талантты шетелдік студенттерді қолдау бағдарламалары бар АҚШ-тың жетекші университеттеріне грант алуға өтініш бере бастады.
Малика өзінің құрдастарымен салыстырғанда қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін толық түсінбегенін, бірақ соңында бірнеше жоғары оқу орындарынан шақырулар алғанын және ғылым мен экономика салаларында танымал Чикаго университетінің Computer science факультетін таңдағанын есіне алады. Мектеп жылдарында Малика математикадан халықаралық олимпиадаларға қатысты, сонымен бірге ол Computer science мамандығының қолайлы екенін түсінді.
Алайда, Чикагоға кету мен онда оқуды кейінге қалдыруға тура келді.Малика ауыр жарақат алып, тоғыз айға жуық ауруханада болды. Ол университетке өтініш жазып, академиялық үзіліс алуға мәжбүр болды (gap year, мектепті бітіріп, университетте оқуды бастау арасындағы үзіліс жылы).
«Бір жағынан, көңіліме тиді, екінші жағынан, бәрін мұқият санадан өткізуге уақыт пайда болды: екі аяғың сынған кезде, өмірге деген көзқарасың еріксіз өзгереді екен. Сонымен қатар, бізде мектепте іс жүзінде бағдарламалау сабақтары болған жоқ, уақытымды оның негіздерін игеру мүмкіндігіне пайдаландым, өз парақшаларымды құруға, анимация және басқа да теңшелген шешімдерді жасауға болатын сайттарды зерттедім», – дейді сұхбаттасушы.
Сол себепті, академиялық жылдың ерекше пайдасы болды: ол дайындықпен өз бетінше айналысып қана қоймай, сауығып кеткеннен кейін Назарбаев Университетінде мамандандырылған курстарға барды.
Армандаған оқу
Малика болашақ мамандығы болатын саланы зерттей отырып, бағдарламалау біз елестеткеннен әлдеқайда күрделі бағыт екенін түсінді, бағдарламашы болу тек роутерді жөндеу немесе операциялық жүйені орнатумен шектелмейді. 2013 жылы Чикагоға оқуға келгеннен кейін ол кинотеатрда сол кезде шыққан «Кадрлар» (The Internship) фильмін көрді.
Cұхбаттасушы фильмде әлемге әйгілі Google кампусын көрсеткенін, бұдан бөлек онда жұмысшылар шексіз мөлшерде тегін кофе іше алатындарын күлімсіреп еске алды. Бұл сусынды ішкенді ұнататын Малика армандағы жұмыс осындай болуы керек деп шешті. Сол кезде ол өзінің күш-жігері мен жетістіктері Google-ға жұмысқа шақыруға әкелетінін елестете алмады.
Маликаның айтуынша Чикаго университетінің артықшылықтарының бірі жеткілікті икемді оқу бағдарламасын құруға мүмкіндігің бар: мысалы, Computer science студенті экономиканы немесе тілдерді үйренуге байланысты сабақтарды таңдай алады. Тағы бір артықшылығы – әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқу бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі. Мысалы, бірінші курсты аяқтағаннан кейін Малика АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обаманың екі супер державаны жақындастыруға бағытталған бастамаларының бірі аясында Қытайға тәжірибе алуға барды.
Ал 2015 жылы студенттік тәжірибе аясында ол өз армандаған Google-дан бір шықты. Бұл оның жаһандық корпорациямен алғашқы танысуы болды: бір жылдан кейін қазақстандық мұнда тағы бір рет тәжірибеден өтті.
Студенттер қауымдастығының ғылыми өміріне қатысу мүмкіндігі де тартымды болды. Малика хакатондарға қатысты, жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша ғылыми жобалар жасады, оның ғылыми жұмыстары 30-ға жуық басқа еңбектерде келтірілген.
PayPal жасаушыларының бірі, әйгілі инвестор және бағдарламашы Макс Левчиннің Аffirm стартап командасында жұмыс істеу мүмкіндігі болған кезде бас тарту қиын болды. Ең ірі электронды төлем жүйесі PayPal да, Аffirm финтехы да белгілі бір дәрежеде дәстүрлі банк жүйелеріне ұран тастап жатыр, сондықтан компьютер саласының маманы және экономикалық процестерді зерттеуге көп уақыт бөлген студент ретінде бұл жобалардың қызметі Маликаның қызығушылығын туғызған бағытқа кірді.
«Менің Аffirm-дегі менеджерім компанияның алғашқы инженерлерінің бірі болды, кеңседе мен Левчиннің өзімен қарама-қарсы үстелде отырдым, қызметкерлердің көбісі керемет болғаны соншалықты, кейіннен олар өздерінің стартаптарын құрды», - дейді Малика.
Google әлемінде
Алайда, тұрмыс құрғаннан кейін Маликаның өміріндегі басымдықтар өзгерді: отбасы бірінші орынға шықты. Сонымен, университетті бітіргеннен кейін жұмыс орнын таңдағанда сенімді жұмыс орын ретінде стартапты емес, Google-ды таңдады. Қазақстандықтың айтуынша, Google командасында өткізген уақыт ішінде көптеген өнімдермен жұмыс істеп үлгерді: Google Translate, Google Chrome, негізгі іздеу жүйелері.
Келесі бөлім Google Cloud Platform құрамына кіретін киберқауіпсіздік саласының өнімі Chronicle Security болды. Бұл өнім жаңа болғанына қарамастан, ол киберқауіпсіздік пен деректер қауіпсіздігіне байланысты болғаннан кейін Google құрылымында ең маңызды өнімдердің бірі болып табылады.
«Мен жұмыс істеген команданың міндеті кибершабуылдардың алдын алу емес, деректерді сенімді сақтау болды, бұл өте маңызды бағыт. Шындығында, компанияларға қолда бар деректердің үлкен көлемін бақылауда ұстау қиын, сондықтан деректердің бір бөлігі жиі жойылады. Зиянкестер құпиясөздерге және басқа ақпаратқа қол жеткізе алады, ал компания тәуекелдің жоғарылауын байқамайда қалуы мүмкін. Google платформасы деректерді өңдейді және тұтынушыларға ықтимал осалдықтарды көрсетеді», – деп түсіндіреді Малика.
Google-да жұмыс істеген жылдары Қазақстандық аға инженер лауазымына қол жеткізді, бұл корпоративтік иерархиядағы өте жоғары саты. Мансаптағы өсім екінші жолы мақұлданды, бірақ ең жоғары өнімділік көрсеткішімен, тіпті корпорацияның тәжірибелі қызметкерлері де сирек көрсетеді.
Қаңтар айында еліміздегі қарбалас күндер кезінде Маликаның бастамасымен Google-да жұмыс істейтін қазақстандықтардың ресми қауымдастығы құрылды. Оның айтуынша бүгін компанияда 60-70 отандас жұмыс істейді, дегенмен жақында ғана Малика алғашқы тәжірибеден өткен кезде олардың саны бірнеше адамнан аспады.
Қоғамдастық, атап айтқанда, мүгедектерге көмек көрсету бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін әлеуметтік-қайырымдылық қоғамдық ұйымдарды қолдауға жұмсалатын қайырымдылықтарды жинайды. Корпоративтік ережелерге сәйкес, жиналған сомаға ұқсас соманы Google да қосады.
Малика Google бүгінде әлемдегі ең мықты компаниялардың бірі екеніне сенімді.
«Кремний алқабында таңдауға болатын көп нәрсе бар, мұнда білікті мамандар жоғары жалақы ала алатын көптеген компаниялар бар. Бірақ Google бірегей және оның құрылымы осы бірегейлікті қамтамасыз етеді. Енді қазір мен бизнесті терең зерттей бастағанда, мұны ерекше анық түсінемін.
Мысалы, Google-да жұмыс істейтін peer-bonus жүйесі арқылы сол деңгейде жұмыс істейтін қызметкерге егер ол сізге жұмыста көмектессе сыйлық жасауды көздейді. Яғни, бір жағынан, ризашылықты тек сөзбен ғана емес, екінші жағынан түйіндемеде сіз қанша әріптестеріңізге көмектескеніңізді көрсете аласыз. Осылайша ең мықты ғана аман қалатын Джунгли заңы емес, корпоративті рух көтермеленеді», - дейді сұхбаттасушы.
Қауіпсіздік жастығы
Малика өзінің болашағын әрқашан тек технологиямен ғана емес, сонымен бірге бизнеспен де байланыстырды. Өткен жылы Harvard Business School және Harvard John A-да MS/MBA бағдарламаларына іріктеуден өтті. Paulson School of Engineering, сондай-ақ Stanford Graduate School of Business арасынан соңғысының пайдасына таңдау жасады. Қыркүйек айының соңында ол Google-дағы жұмысын тастап, отбасымен бірге Стэнфордқа көшті.
Болашақ кәсіпкер үшін Стэнфорд университетінің бизнес мектебі – бұл тиісті білім алуға тамаша орын, ал бизнес мектеп орналасқан Кремний алқабы бұл білімді іс жүзінде қолдануға өте қолайлы, - дейді Малика.
«Стэнфорд бизнес мектебіне үміткерлердің тек 6%-ы түседі, сондықтан бұл өздігінше эксклюзивті білім. Көптеген курстастары БҰҰ-да, үкіметтік емес секторда жұмыс істеген, бұл адамдар өздерінің мансабында керемет жетістіктерге жеткен, олардан үйренетін көп нәрсе бар. Сонымен қатар, Кремний алқабында стартаптарға инвестиция салатын барлық дерлік венчурлық қорлар бар, бұл салада да байланыс орнатуға мүмкіндік бар.
Менің Affirm, Google, Стэнфордтағы оқу тәжірибем болашақта көмектеседі деп үміттенемін. Өз стартабыңды жасау ғана, үлкен әлеуеті бар жобаларға ерте кезеңдерде қатысу қызықтырады. Кибернетика, деректерді өңдеу, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы, мүмкін финтехтегі жобалармен жұмыс істеу қызықты болар еді», - дейді Малик жоспарларымен бөлісіп.
Сұхбаттасушының пікірінше, бүгін нарықта стартаптар үшін ерекше жағдай қалыптасуда. Рецессия аясында ірі компаниялар қызметкерлерді жұмыстан шығаруда, университет түлектеріне корпоративтік секторға жұмысқа орналасу қиындауда, бірақ стартаптар ашық жаһандық экономика жағдайында әлемнің кез келген жерінен таланттарды тартуға жақсы мүмкіндік алуда. Бұл екі жылдан кейін табысты технологиялық компаниялардың жаңа толқынына әкелуі мүмкін деп санайды Малика.
Google-да өткізген жылдарын еске түсіре отырып, ол корпорацияның бұрынғы қызметкерлер үшін есікті жаппайтынын атап өтті. Бұл Маликаның әрқашан аға инженер, аға менеджер лауазымдарына оралу мүмкіндігі бар дегенді білдіреді.
«Мүмкін менің кеңестік ойлауым бар шығар: Маған қауіпсіздік жастығының болуы, мен кез-келген уақытта өз қызметімді жоғалтпай бұрынғы жұмысыма орала алатынымды білу маңызды. Бірақ мен әлі де көздеген мақсатыма жете аламын, ал қауіпсіздік жастығын пайдаланудың қажеті болмайды деген ойдамын», – деп күлді сұхбаттасушы.
Шетелде жүріп үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбаттар циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлескен жоба.