Кейбіреулер үшін Google-да жұмыс істеу арман емес, мансаптағы кезекті кезең деп есептейді сонда жетінші жыл жұмыс істейтін Шерзат Айтбаев.
Google-да Қазақстаннан келген жүзге жуық қызметкер бар, олардың арасында тіпті басшылық тарапынан ресми түрде мойындаған өз қоғамдастығы да құрылған.
Google checks платформасын әзірлеушілердің бірі Шерзат Айтбаев қазақстандықтардың «армандайтын жұмысына» қалай келетінін, неге жұмыстан шығарылатынын және неге қалатынын айтып берді.
Пушкиншеден өзге лицей
Шерзат Өзбекстанның Алмалық қаласында дүниеге келген. Ал 9 жасында оның отбасы Алматыға қоныс аударған. Ол бағдарламалау үйірмесі бар және балаларды IT-олимпиадасына мақсатты түрде дайындаған қазақ-түрік лицейінде оқыды.
Шерзат 9-сыныптан бастап қалалық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Командалық құрамның ішінде жүріп бүкілресейлік олимпиадада «Күміс» және Еуразиялық олимпиадада «Алтын» медаль иегері атанды. АҚШ-тың университетіне түсу үшін мектептегі информатика бойынша жинаған жетістіктері оған көп көмектесті.
– Мен бірқатар сыныптасымның Техастағы Солтүстік Америка университетіне (NAU) емтихан тапсырайын деп жатқандарын естідім. Содан мені қызықтырғаны сонша, мен де өтініш бердім. Дәл сол кездері мен де, менің отбасым да Америкада оқу дегенді тіпті қарастырған жоқ едік. Бірақ NAU оқу ақысына өте жақсы жеңілдік жасайды екен және ол шамамен 80%-ті құрайды. Сол кезде университет жаңа еді және сонысымен шетелдік студенттерді қызықтырған еді, – деп түсіндіреді Шерзат.
Оқу ақысы мен күн көрісім үшін ақша төлеу Шерзаттың ата-анасына қиындау болды. Содан ол дереу ақылы тағылымдамадан өтуді жөн санады. Оқудың екінші курсынан бастап, ол өз шығындарын өзі төлейтін дәрежеге жетті.
– Ағылшын тілім академиялық деңгей жақсы болды, – дейді Шерзат алқашқы кезді еске түсіріп, - Лицейде техникалық пәндер ағылшын тілінде жүргізілді, оның үстіне IELTS тапсырдым. Алайда АҚШ-қа алғаш келгенде маған айтылғандарды әрең түсінетінмін, - деп жымиды - Екі-үш айдан кейін ғана түсіну жеңілдей түсті.
Төртінші курстың алдында Amazon-да тағылымдамадан өткен біздің кейіпкеріміз өзінің мол тәжірибесін алға тартып, түйіндемесін жан-жаққа жібереді. Көп кешікпей, оқудың соңында Amazon, Twitter және Google-дан ұсыныстар алды.
– Менің таңдауым Google-ға тоқтады және университетті бітіргеннен кейінгі үш аптадан соң сол жерде жұмыс істей бастадым, - деді өз таңдауын тарқатып айтқан Шерзат - мектеп кезінен бастап Google кеңсесі менің арманым болған еді. Мен студент кезімде «Кадрлар» фильмі жарық көрді ("The Internship", Google - F кампусында тағылымдамадан өту үшін келген екі достың шытырман оқиғалары туралы америкалық комедия). Сонымен қатар, бұл Кремний алқабында болған оқиға еді. Сондықтан да болар, мен сонда тұрып, өмір сүргім келді, ол жақтағы өмірдің мәні неде екенін көріп, сезінгім келді. Ал сонда қалудың соңғы факторы – олар маған көбірек жалақы ұсынды.
Қазақстандықтың айтуынша, жұмысқа орналасу процесі «классикалық» форматта болды – «тапсырмаларды шешу қажет ететін көптеген техникалық сұхбаттардан өту керек» болды.
– Мен Google-да 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастадым және Firebase, YouTube және Checks командаларында да жұмыс істеп үлгердім. Сонымен қатар, Маунтин-Вью, Лондон және Нью-Йорк (менің қазір тұрып жатқан жерім) қалаларында тұрдым.
Жақында мен Google-де еңбек еткеніме жеті жыл болады екен. Уақыт өте келе менімен бірге жұмыс істейтін адамдар компанияның өзіне қарағанда әлдеқайда маңызды бола бастады, - деп сұхбаттасушы әріптестерімен керемет қатынаста екенін мойындап, толығырақ ойын тарқата бастады: - Google-де өзің жұмыс істейтін командаларды ауыстыра аласың. Егер Сізге команда ұнамаса немесе өзіңізді басқа бағытта сынап көргің келсе, сайттың ішіндегі басқа командалардағы позицияларға ауысу мүмкіндігі бар. Қазіргі мен үшінші командамен жұмыс істеп жатырмын.
Біздің кейіпкерімізбен бірге Солтүстік Америкадағы университетке барған алты сыныптастың біреуі Кореядағы оқуға ауысты, NAU-ды бітіргеннен кейін үшеуі Қазақстанға оралды, сөйтіп білім, инвестиция, бизнес сияқты әртүрлі салалардан өз орындарын тапты. Ал қалған екеуі шетелде қалды.
– Рамазан Үшпаев бизнес-әкімшілендіру мамандығы бойынша оқуын аяқтады, бірақ кейін техникалық мамандыққа қайта оқыды, қазіргі таңда NASA-да жұмыс істейді. Мәди Хамитбеков Канадаға кетіп, сол жерде Amazon-ға жұмысқа орналасты, - дейді Шерзат өз достарының жетістіктерімен бөлісіп.
Қазақстаннан шыққан жүз гуглші
Google-дің Тайваньнан Калифорнияға дейінгі әртүрлі кеңселерінде 100-ге жуық қазақстандық жұмыс істейді, - деп Шерзат санап берді. Олар – негізінен бағдарламашылар.
– Біздің көпшілігіміз үшін, соның ішінде мен үшін де, бүгінгі атқарып отырған қызметіміз бір кездері біздің тек арманымыздағы жұмыс еді деп айтар едім. Бірақ осында жұмыс істеген күннен бастап, адамдар өздерінің индустриялық ой-өрісін кеңейтіп, мансаптарынан нені қалайтынын түсіне бастайды. Яғни, уақыт өте келе осы жердегі адамдардың көпшілігіне бұл арманындағы жұмыстан өмірдің келесі кезеңіне ауысады. Басқа компанияларға да кететін жігіттер бар, - деп сұхбаттасушы сөйлесе отырып, мысал келтірді:
Менің досым Малика Әубәкірова Google-дің аға әзірлеушісі бола отырып, осындай жақсы жерден кетіп, Стэнфорд университетінде MBA дәрежесін алуға шешім қабылдады, яғни өзінің «рөлін» технологиядан бизнеске түбегейлі өзгертуді жөн санады. Жалпы, осындай Google, Meta, Amazon және т. б. жаһандық ірі корпорациялар арасында «жұмыс орнын ауыстырып жүргендер» көп.
Шерзаттың өзі Google-да жұмыс істегенді ұнатады, ол жұмыста бір мезгілде жаппай қысқарту жүргізілген эпизодты ғана қалтырап кеткендей сезіммен есіне алады - 2023 жылдың 20 қаңтарында Google-дың және оның Alphabet төркіндес компанияның бас директоры Сундар Пичайдың қызметкерлерге жазған хатында шамамен 12 мың адамды қысқарту жоспарында барын жариялады.
– Сол кезде ертесіне, мен ояна салып, автоматты түрде жеке поштамды, содан кейін жұмыс поштасын тексеріп, біздің CEO-дан қысқартулар туралы хатты көрдім. Көбісі мұндай тағдыр ерте ме кеш пе, біздің компанияға да келетінін іштей біліп жүрген, бірақ ешкім бұл жағдай күтпеген жерден болады деп ойламаған еді, - дейді сұхбаттасушымыз. - Жұмыстан шығарылған адамдар түн ортасында, бір-ақ сәтте барлық жұмыс ресурстарына, соның ішінде жұмыс поштасына қол жеткізу мүмкіндігінен айрылды. Тіпті әріптестерімен қоштасуға, оның ішінде байланыс телефондарымен алмасуға да мүмкіндіктері болмай қалды.
Әрине бұл қалыпты әрі түсінікті жағдай болғанымен, жұмыстан шығарудың дәл осылай болғаны әлі де өкінішті. Бұл менің көптеген әріптестеріме де қатты өзіндік әсер қалдырды. Менің білуімше, жұмыстан босату мәселесі бірнеше қазақстандыққа ғана әсер етті. Бақытымызға орай, компанияның жұмыстан босатылуына байланысты берілетін жәрдемақы өте жомарт болды.
Гуглші-қазақстандықтар әрқашан байланыста болуға тырысатынын деп атап өтті Шерзат Айтбаев, себебі корпорацияның өзіндік « қазақ диаспорасы» да қалыптасқан еді.
– Google-да бағдарламашы болып жұмыс істейтін досым Аида Жұмабекова екеуміз – компания ішіндегі қазақстандық қоғамдастықтың көшбасшыларымыз. Бізде қоғамдастықты қолдау үшін көптеген бастамалар бар. Қазақстандықтарға кәсіби тұрғыдан — мансап сатысымен де, әлеуметтік жағынан да — адамдардың бір - бірімен танысып, компанияда отандастары бар екенін сезінуі үшін барынша көмектесіп, қолдау көрсетуге тырысамыз, - деп түсіндіреді Шерзат.
Қоғамдастықтың екінші мақсаты – Қазақстан, оның мәдениеті туралы тұрақты ақпарат беріп отыру.
Жақында наурызда Калифорнияда біз Наурыз мерекесін өткіздік, - дейді сұхбаттасушы. - Ирандық және ауғандық гуглшілермен әріптестік қатынастарды нығайту мақсатында түрлі тәттілермен жайқалған дастархан жайып, арнайы ұлттық киімдерімізді киіп, музыкамен қызықты іс-шараны ұйымдастырдық. Қазақстандықтардың бірі - Жасан Байпақбаев домбырасын шертіп, ән-күй орындады. Бұл америкалықтардың да қызығушылығын тудырды, көптеген адамдар мұндай мерекенің Орталық Азияда атап өтілетінін білмейді екен.
Мобильді қосымшаға арналған чекап
Шерзат Айтбаев Google Checks платформасында жұмыс істеп жатқанына төртінші жыл. Бұл әзірлеуші топтар мен жасалатын қолданбалы қосымшалар үшін құпиялылықты сақтауды жеңілдету арқылы қауіпсіз цифрлық экожүйені құруға көмектесетін мобильді қосымшаны әзірлейтіндерге арналған құпиялылық платформасы (privacy-құпиялылық).
- Бүгінде деректерді қорғауға және сол деректерді қалай бөлісуге болатынына қатысты көптеген заңнамалық шектеулер бар. Біз мобильді қосымшалары бар компанияларға құпиялылыққа қатысты процестерді жеңілдетуге көмектесеміз және олардың тиісті заңдарды бұзу қаупін азайтамыз, – деп сұхбаттасушы мүмкіндігінше қарапайым сөздермен түсіндіруге тырысты.
Шерзат жұмыс істейтін команда Аrea 120 және Google Labs дегендер стартап-инкубаторлар сияқты Google-дің ішкі эксперименттік бөлімдеріне қатысқан.
- Біз жобаны 2020 жылдың сәуірінде бастадық, мен сол жердегі алғашқы бағдарламашы болдым. Біз қазір инкубатордан шығып, Google-дің «негізгі» бөлігі болдық. Өткен жылы біз бета режимінде іске қосылдық, содан бері біздің өнімге сұраныс апта сайын артып келеді, - деп қуанады ол. — Біздің мақсатымыз – бүкіл құпиялылық жүйесін пайдаланушылар үшін де, компаниялар үшін де қауіпсіз ету. Негізінде бізде мәселені жаһандық деңгейде шешетін өнімді жасау мүмкіндігі бар, және ақыр соңында барлығы олжалы болады.
Шерзат қазір айналысып жүрген кәсібі өзіне ұнайтыны анық және ол өзінің жақын болашағын Google-мен байланыстырып отыр.
Мансап барысында менің ұққаным, жұмыс істеп жүрген кезеңнің ең маңызды бөлігі – сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар екен. Мен осындай талантты және ұйымшыл әріптестермен жұмыс істегенім үшін өзімді бақытты сезінемін. 2023 және 2024 жылдарға арналған біздің орасан зор жоспарымыз бар», - дейді Шерзат және әңгімесін одан әрі жалғастырып: - Бірақ бірнеше жылдан кейін мен не істейтінімді немесе немен айналысатынымды әлі білмеймін. Маған нөлден басталатын жаңа жобалармен жұмыс істеу өте ұнайды. Бұл Google-да ма, жоқ әлде басқа жақта болады ма, мен осы бағыттағы жұмысымды болашақта жалғастырғым келеді. Бірақ, әрине, big Tech-те жинақтаған үлкен тәжірибемнен кейін мен өзімді сыртқы стартап әлемінде де сынап көргім келеді.
Шетелде жүріп үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбаттар циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлескен жоба.