Жалақы бонустарының бір бөлігі акциялар түрінде беріледі дейді Google-да жұмыс істейтін қазақстандық

22 Мамыр, 2024

Жыл сайын Google, Meta, Apple, Amazon, Microsoft және т.б. ғаламдық IT-гиганттарында жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны артып келеді. Forbes.kz жерлестеріміздің бірі Арман Болатпен сұхбаттасты. Ол АҚШ-қа көшу, жұмысқа орналасу және жоғары технологиялық корпорацияларда жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтты.

 Арман Америкаға көшуіңіз туралы толығырақ айтып беріңізші.

Мен Алматыда туып өскенмін, Республикалық физика-математика мектебін бітіріп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2009 жылы АҚШ-қа жоғары білім алуға бардым. Аризонадағы тіл курстарына бір жылдай қатыстым. Ол бакалавр және магистр дәрежесін Питтсбургте (Пенсильвания) орналасқан Карнеги Меллон университетінде компьютерлік инженерия мамандығы бойынша алдым. Бұл шынымен қызықты тәжірибе болды. Қазақстаннан бір топ үміткерлер АҚШ-қа аттандық, сондықтан болар жаңа өмір жағдайларына бізге бірге бейімделу оңайырақ болды. Алайда, көп ұзамай мені американдықтармен бірге тұратын жатақханаға ауыстырды. Менталитеттегі кейбір айырмашылықтарға байланысты алдымен «мәдени шокты» бастан өткердім. Бірақ біраз уақыттан кейін мен американдық өмір салтының (life style) ырғағына үйрендім.

Үздік студенттік жылдар зымырап өте шықты, алған білімдерін қолдану уақыты келді...

- Иә. Американдық үздік университеттер түлектер үшін жұмыс іздеу процесін әлдеқашан жақсы жолға қойған. Университет жылына бірнеше рет үлкен жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады, оған әлемнің түкпір-түкпірінен үздік компаниялардың өкілдері қатысады. Кейде тіпті жұмыс беруші ретінде келген осы оқу орнының өткен жылғы түлектері де өздерінің жеке кәсіби тәжірибесімен ашық бөліседі. Соңғы курс студенттері түйіндемені жібере алады және егер жауап оң болса, олар компанияның кеңсесінде кең ауқымды сұхбатқа шақырылады. Менде осы жолды өттім, мені Microsoft-қа сұхбатқа шақырды. Бірінші сұхбат кампуста, қалғаны Сиэтлде (Вашингтон штаты), ол жерде мен 2,5 жыл жұмыс істедім. Төрт сұхбат тікелей ұсынылған лауазым бойынша сұрақтарға негізделді, ал біреуі мінез-құлық туралы, яғни сіз топта қаншалықты жақсы жұмыс істей алатыныңызды бағалайды.  Бұл кезеңде жасанды имитацияланған жағдай беріледі және сіз белгілі бір мәселелерді қалай шешетініңізді айтуыңыз керек. Бұл сіздің қандай адам екеніңізді сипаттайтын мінез-құлық сұхбаты барлық ірі американдық корпорацияларда жұмысқа қабылдау кезінде негізгі критерийлердің бірі болып табылады.

Жалпы алғанда жұмысқа орналасу процесі айтарлықтай құрылымдалған, орныққан. Microsoft та басқа компаниялар сияқты бос жұмыс орындарын ресми веб-сайтта орналастырады және кез келген адам өз түйіндемесін қарауға жібере алады.

Microsoft корпорациясында бағдарламашы болып жұмыс істеген кезде мен OneDrive, Skype және Teams өнімдерін әзірлеуге қатыстым. Бір-екі жылдан кейін Google-ға жұмысқа орналасып, Силикон алқабына көштім. Қазіргі таңда мен аға бағдарламалық қамтамасыз ету инженері лауазымындамын. Google Assistant ретінде төрт жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Ол табиғи тілді түсіну (NLU) арқылы сөйлеуді танитын және әртүрлі тапсырмаларды орындайтын жеке дауыстық көмекші. Смарт үйді басқарудан, ойын ойнаудан бастап музыка, кез келген нақты сұрақтарға жауап беру, SMS жіберу, электрондық поштаны тексеру немесе ұйқыдан ояту үшін сағатты құру, ауа-райы, жол қозғалысы, спорт немесе валюта бағамдары туралы соңғы ақпаратты беру.

Біз қазір өнімнің ішкі инфрақұрылымымен белсенді жұмыс істеп жатырмыз: мен техникалық жетекшімін және бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерінің шағын тобын басқарамын және жалпы жобадағы техникалық жұмыстардың сапасына жауаптымын. Мен сондай-ақ осы өнімнің архитектурасын, дизайнын жасауға және технологиялар мен әзірлеу құралдарын таңдауға қатысамын. Мен жас мамандардың жұмысын үйлестіремін, мысалы, кодты қалай жақсы жазу керек және бұл жүйе қалай жұмыс істейтіні туралы кеңестермен бөлісемін. Басты мақсат – ортақ өніміміздің өркендеуі.

Компанияның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің кілті- күшті корпоративтік мәдениет. Microsoft және Google компанияларындағы қандай ұйымдық мақсаттарды атап өтер едіңіз?

Американдық IT секторы корпоративтік мәдениеттің жалпыға ұқсас принциптерін ұстанады. Мысалы, топ-менеджменттің қарапайымдылығы бірден байқалады, мысалға жас мамандар басшылықпен тікелей байланысып, олармен кез келген кәсіби мәселелерді талқылай алады. Менің ойымша, бұл жаңадан бастаған мамандарды дамыту үшін ең жақсы ресурстардың бірі.

Сондай-ақ алпауыт компаниялардың өз қызметкерлеріне жасап жатқан қолайлы жұмыс жағдайларын атап өткім келеді. Қызметкерлерге тегін тамақ, шаштараз қызметі, кір жуу, сапалы медициналық қызмет, спорт залдары, бассейндер, тіпті массаж жасаудың өзі ойластырылған. Яғни, кеңсе ішінде жақсы уақыт өткізуге және нәтижелі іс-әрекет жасауға барлық жағдай жасалған, сондықтан қызметкерлер жұмыс орнынан тезірек қашуға тырыспайды.

Мансаптық өсу туралы айтатын болсам, маған бұл процестің бармақ басты, көз қыстының жоқтығы және ашық болғаны ұнайды. Яғни нақтырақ айтсам, кәсіби өсудің белгілі деңгейлері бар және жоғарылату үшін орындалатын белгілі бір лауазым үшін нақты критерийлердің болуы маңызды.

Сонымен қатар қызметкерлер туралы барлық ақпаратты рейтинг түрінде жинайтын жеке департамент бар, бұл тек мансаптық өсуге ғана емес, сонымен қатар негізгі жалақыға бонустарға да әсер етеді. Айтпақшы, бонустардың бір бөлігі Google акциясы болып есептеледі, сөйтіп сіз өзіңіз жұмыс істейтін корпорацияның акционері боласыз, сәйкесінше сіздің компанияңыз өркендеп, дивидендтер алу үшін қосымша мотивация аласыз.

Өздеріңіз білетіндей, Google әлеуметтік бағыттағы корпорация және қайырымдылық тақырыбына ерекше көңіл бөледі. Әрбір қызметкер жылына бір рет 400 доллар көлемінде сыйақы алады, ол қатаң түрде қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады, мысалы біз осында жұмыс істейтін қазақстандықтар, бұл қаражатты қазақстандық қорларға арнайы жібереміз. Айта кету керек, Google көбінесе қайырымдылық сомасын екі есе арттырады және менің ойымша, ғаламдық аспектіде үлкен әлеуметтік миссияны орындайды.

Еркін жұмыс кестесін тудыратын жалпы сенім тақырыбына да тоқталғым келеді, мұнда ең бастысы нәтиже көрсету. Сондай-ақ, мысалы қызметкерлерге жұмысқа қажетті гаджеттер алуға шектеу жоқ, бұл жұмыс берушінің сенімін көруге болады.

Экспаттар үшін қызметте жоғарлау қиынырақ, бұл миф пе әлде шындық па?

Менің ойымша бұл шындық. Мен жаңа біразда бұл жерде мансаптық өсу процесі өте ашық екенін айтқаныммен, әртүрлі менталитет пен ұйымдастыру әлсіздігінен экспаттардың топ-менеджментке енуі қиынырақ. Қалай болғанда да, кәсіби байланыстар кез келген ортада маңызды, сондықтан экспаттардың мансаптық өсуі біршама баяулайды. Microsoft пен Google басшыларының  көбі Үндістаннан келген иммигранттар екені нормадан гөрі ерекшелік болуы мүмкін.

2022 жылы Қазақстан Президенті шетелде тұратын және жетекші технологиялық компанияларда жұмыс істейтін 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті Қазақстанды құруға талантты жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Жақын арада Қазақстанға оралуды жоспарлап отырсыз ба?

Әрине, мен еліме қайтып оралғым келеді, барлық жинақталған тәжірибені қолданып, еліміздің дамуына үлес қосқым келеді.  Бәлкім, Қазақстанның әлемдік IT аренада танылуын арттыратын өз өнімімді немесе қызметімді жасаймын деп үміттенемін. Сонымен қатар, мен Қазақстанда Google сияқты тәлімгерлік жүйесін енгізуді жоспарлап отырмын.

Мысалы, жас мамандар тәжірибелі қызметкерлердің ішінен білімімен бөлісіп, оларға бағыт-бағдар беретін біреуін таңдай алады. Бұл процесс ресми түрде мәліметтер базасында тіркелген және қызметкерлердің рейтингіне де әсер етеді, өйткені кез келген уақытта адами капитал кез келген кәсіпорынның үйлесімді дамуының негізі.

Жади Тургумбаева 

Аударған Qazalem