Александра Гарсиа – қазақтың ұлттық нақыштарымен киім тігетін Испаниядағы дизайнер. Неліктен қыз туған жері өзінен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан бағытты таңдады, оны «Голос народа».материалынан оқыңыз.
Александраның анасы қазақ, ал әкесі испандық. Тіпті Испанияда әкесі мен анасының тегі қосарланған, сондықтан оның толық аты мен тегі Александра Гарсиа Нурбаева.
Александра Испанияда туып-өскен. Тек екі жыл бұрын Қазақстанда бір рет қана болған. Сапар оның өмірін өзгертті деп айтуға болады. Анасының Отанына барып, қазақ ою-өрнегінің тарихын зерттей бастады.
«Мен Қазақстанға алғашқы сапарымнан кейін-ақ қазақтың мәдениетінен, ою-өрнектері мен костюмдерінен шабыт ала бастадым. Маған халықтың сәні мен киімі арқылы мәдениет пен көне тарихты үйреткен тамаша өнер және сән тарихы пәнінің мұғалімімен танысу өте пайдалы болды. Қазақстанға сапарым барысында мен көп нәрсені үйрендім және әлі де көбірек біле алатынымды сеземін» дейді Александра Гарсиа.
«Мен бұрын қазақ мәдениетіне ешқашан қызықпағандықтан білмейді екенмін, енді көбірек білуге тырысамын. Кеңес өкіметі тұсында дүниеге келген анам бәлкім білім алу үшін болар, туған тілінен орыс мәдениетін артық көретін. Мүмкін орыс мәдениеті әлдеқайда бай немесе танымал деп сенгенінен болар. Саяхаттан кейін менде, анамда, отбасымда және білімімде үлкен бос орын барын сезіндім, сондықтан мен қазақ мәдениетін бірден және толық түсіне алмадым» деп мойындайды бойжеткен.
Александра қазақтың мәдени байлығын сақтау оны дамыту анасы зардап шеккен кеңес отарлауының зардабын жоюдың жолы екенін мойындайды.
Мысалы, бүгінде Александра Гарсиа «Apostasía» жобасында Қазақстанның кеңестік отарлау кезіндегі мәдени шығындарын зерттейді.
«Геометриялық пішіндер еркіндік пен дәстүрдің жоғалуын көрсететін ашаршылық пен геноцидтің салдарын бейнелейді, еркіндік пен дәстүрдің жоғалуын көрсетеді. Бұл жоба жоғалған және мәжбүрлеп таңылған дәстүрлер арасындағы диалогты орнатады, жас ұрпақ өздерінің мәдени мұраларын қазіргі уақытта қалай қабылдайтынын көрсетеді» дейді.
Сондай-ақ, Александра Испаниядағы қазақ жастары арасында ұлттық ою-өрнектерді дәріптеу бойынша жобалармен жұмыс істеді. Испания тұрғындары қазақтың ұлттық киіміне қатты таңданатынын айтты. Испандықтар үшін киім мен зергерлік бұйымдардың мағынасы мен тарихын зерттеу өте маңызды болып саналады. Александраның қазақ мәдениеті туралы көбірек білуге деген құштарлығы пайда болуының бір себебі де осы болар.
Александра Гарсия «Университеттегі дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде мен қазақ ұлттық киімі мен оның тарихына байланысты бір нәрсені таңдағым келеді. Әрине, мен мұғалімдермен сөйлесіп, олардың менің тақырыбыма сәйкес келіп келмейтінін білуім керек, бірақ мен мұны істегім келеді» деп құлшына кіріскендігін көрсетті.
Александра сән тарихы туралы кітапты қазақ тілінде тапқысы келетінін айтты. Бұл ретте, ол қазақтардың киімі мен стиліне өз бағасын берді.
"Менің жүргізген талдауым мен зерттеулеріме сүйеніп «Өмір салтына байланысты қазақтар соңғы сәтке дейін бәрін пайдалана, шеберліктің өте жоғары деңгейіне ие болды, ал олардың киімдері күнделікті үшін де өте ыңғайлы деп айта аламын» дейді. Мәдени деңгейде стиль өте күрделі және бай. Ұлттық киімге Жібек жолының арқасында басқа мәдениеттер әсер етті, сондықтан ол өте ерекше, бірақ сонымен бірге біршама таныс. Сондай-ақ, киімде ежелгі қазақтардың сенімдері мен діні туралы көптеген ақпарат бар және олар өмір салты болып табылатын табиғатты өте құрметтейтінін айта аламыз дейді.
Кесте, тоқыма немесе ою-өрнек түріне байланысты солтүстік немесе оңтүстік аймақтарға, яғни аумақтық өзгешелікті байқауға болады. Өйткені, сән дәстүрлер, өмір салты, наным-сенімдер мен тарих туралы көп нәрсе айта алады. Сондай ақ әлеуметтік мәртебе, адамның қоғамдағы рөлі, сонымен бірге киім қандай іс-шараға арналғанын көре аламыз - деп бөлісті өз ойымен дизайнеріміз.
Александра сөмкелер жасау жобасында жұмыс істеді, онда белгілі бір мағынасы бар ою-өрнектер бейнеленген. Жиенқыз оларды Қазақстанда да таратқысы келетінін айтты, бірақ қазір оған университетте оқу кедергі болып отыр екен. Мүмкін ол Қазақстанға сөмкелерді интернет арқылы сатумен айналысатын шығармын деді.
Автор