«Отандастар қоры»  коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатын әзірлеу жөніндегі қызмет


ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

«Отандастар қоры»  коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатын әзірлеу жөніндегі қызмет

  • Қызметтің атауы: «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатты әзірлеу жөніндегі қызмет.
  •  
  • I. Қызмет сипаттамасы:
  • «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатын әзірлеу бойынша қызмет көрсету (бұдан әрі – қызмет) мыналарды қамтиды:
  • 1) «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» жобасын Тапсырыс берушінің уәкілетті/жауапты тұлғаларымен – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Қоғам) бақылау рәсімдері, ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне әсер ететін факторларды талдау және бағалау мәселелері бойынша кейіннен талқылаулар жүргізу;
  • 2) қажет болған жағдайда ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде жазбаша ұсынымдар беру
  • 3) Қоғам қызметінің ерекшелігін ескере отырып, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатын әзірлеу.
  •  
  • II. Тапсырыс Берушінің Талаптары:
  • «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» Қоғамының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етудегі ішкі бақылау рәсімдерін және қоғамдағы дұрыс қаржылық және басқарушылық есептілікке кепілдік беретін ішкі нормативтік құжатын әзірлеу.
  •  
  • III. Қызмет көрсету нәтижелері:
  • Қызмет көрсету нәтижесі «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатының жобасы болып табылады, ол компоненттер бөлінісінде ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне әсер ететін факторларды кейіннен талдау және бағалау үшін бақылау рәсімдерін ұйымдастыру тәртібін қамтуға тиіс:
  • – бақылау ортасы;
  • – тәуекелдерді бағалау;
  • – бақылау рәсімдері;
  • – ақпарат және байланыс арналары;
  • – мониторинг.
  • Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғасы техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігіне ескертусіз келіскен әзірленген бастапқы және есептік құжаттардың қосымшаларымен (бар болса) «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатының жобасы орыс тілінде қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылуға тиіс.
  •  
  • IV. Қызмет көрсету орны: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1.
  •  
  • V. Төлем тәртібі: Қызмет құнының 30 пайызы мөлшеріндегі алдын ала төлем, Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін түпкілікті есеп айырысу.
  •  
  • VI. Қызмет көрсету мерзімі: Шарт жасалған күннен бастап 2024 жылғы 30 қарашаға дейін. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі» ішкі нормативтік құжатының жобасын Тапсырыс берушіге алдын ала келісу үшін ұсыну: қызмет көрсету мерзіміне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.
  •  
  • Конкурсқа қатысуға өтінім беру және коммерциялық ұсыныс ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін электрондық поштаға қабылданады gulnara.smagul@mail.ru немесе мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 («Аманат» партиясының ғимараты), 3 қабат.
  •  
  • «Отандастар қоры» КЕАҚ
  • 20.09.2024 ж.