Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16 November, 2023

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында хабарлап, ел халқын құттықтады.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент.

Ұлттық статистика бюросы бұған дейін Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жеткенін хабарлаған еді.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті