95 мыңға жуық отандасымыз креативті индустрияда еңбек етіп жүр

30 November, 2023

Қазақстанда креативті экономиканы қолдау қорын құру ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қор таланттарды іздеп тауып, оларды қолдаумен, қаржыландырумен айналысуы керек. Бастама «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысында көтерілді.

Статистикалық деректерге сәйкес, қазіргі күні 95 мыңға жуық қазақстандық креативті индустрияда жұмыс істеп жүр. Олардың үштен бірі шығармашылықты кәсіпке айналдырған. Мұндай мамандардың көбі Алматы, Астана және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Олар негізінен IT-технологиялар, сән, өнер, кино және теледидар саласында жұмыс істейді.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- ЖІӨ-нің 1% - дан азы – шығармашылық индустрияның кірісі.Бұл біздің еліміз үшін төмен көрсеткіш. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 12 пайызға жетеді. Қазақстанның креативті индустрияда өз орнын табуына мүмкіндік бар. Бізде таланттар өте көп және мемлекет оларды қолдауға дайын деп ойлаймын.

фото:ашық дереккөзден

95 мыңға жуық отандасымыз креативті индустрияда еңбек етіп жүр