Әділет министрлігі Адай тұқымдас жылқысын жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді

04 January, 2024

ҚР Әділет министрлігі Адай тұқымдас жылқысын ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

2023 жылдың 28 желтоқсанында Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және оларды селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.

Атап айтқанда, 3 патент мінетін жылқыларға, 2 патент ішкітұқым түрлеріне және 1 патент «Адай» тұқымының жылқысына берілді. Осының негізінде Қазақстан Республикасының селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәлендіретін патенттер берілді.

2023 жылғы 29 желтоқсанда патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілген болатын. Адай жылқысының жаңа тұқымдарына патент алу оны одан әрі сақтауға, іріктеуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін дамытуға ықпал ететін болады.

Әділет министрлігі Адай тұқымдас жылқысын жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді