Қазақстанның Моңғолиямен ынтымақтастығының келешегі талқыланды

05 February, 2024

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін талқылады.

Ағымдағы жылға жоспарланған түрлі деңгейлердегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.

Қазақстанның Моңғолиямен ынтымақтастығының келешегі талқыланды