«Қалам мен қиял» competition / Summer camp voucher / Asem Nurbolatkyzy

11 November 2024
  • Нұрболатқызы Әсем
  • Баян-Өлгей аймағының, Цэнгэл сұмындық  Жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, жасы 16да,
  •  
  •  
  • Атам туралы үзік сыр
  •  
  • «Ата» деген сөз құлағыма аса жағымды, жаныма жайлы тыңдалады. Атам ел ішінде беделді болды. Ақылын айтып, ешкімді алаламады, басы артық сөз айтпады, оғаш мінезбен көзге түспеді. Атам туралы жақсы сөздерді бала кезімнен жиі естіп өстім.  Атам туралы естеліктер санамдағы мұрағатта сақтаулы.
  •  
  • Атамды мен ғана емес, барлық ауыл адамдары құрметтеп сыйлайды. Атамнан үш жыл бұрын айырылған едім. Зұлым ажал атамның әлі де өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. Атамның жағымды үні құлағымнан осы күнге дейін кеткен емес. Ол кісінің бәрімізге айтқан ақыл сөзін ұмыту мүмкін емес еді. Атам ылғи бізге: « Ешкімнің қарғысына ұшырамаңдар, өздеріңнен үлкен адамға қарсы шығып, СЕН – деп сөйлеуші болмаңдар! Ал, кішілерге ақылмен айтыңдар » - деп айтатын.  Сол бір құнды сөзі жадымда бірінші орында.
  •  
  • Кішкентай кезімде дәрігер болып, атамды емдеймін – деп айтушы едім. Арманыма өкінішке орай жетіп те үлгермедім. Атам бауырдың қатерлі ісік ауруымен ауыратын еді. Атамның бауырына жара пайда болып, екі жылдай уақыт аурухана жағалап, дәрі қабылдаған еді. Бірақ, нәтиже шықпады. Дәрігерлер атама шет елге барып, операция жасатуға өтініш білдірді. Атам бұл дәргери кеңесті мақұлдамады. «Денемді пышақ атаулы заттармен кескілетпеймін. Өлсем де Аллаға қарсы келіп, денемді кескілетпеймін!» – деп қарсыласты. Сырқаты сыр бере бастады. Арада бір жыл өтіп, жадырап жаз да келді. Біз Сырғалыдағы ежелгі жайлауға көшіп бардық. Атам тауларға шығып, өзен-көлдерді тамашалап, қайта келмейтіндей қызыға қимастықпен қарап жүрді. Жаз өтіп, күз айы болды. Ауыл күзеуге түсті. Өзінің қайта айналып, жайлауға келмейтінін білді ғой, тегі. Атамның жерімен қоштасып, жыламсырағанына біз бәріміз іштей егілдік.
  •  
  • Атам мен апам Цэнгэл сұмынына қыстамақ болды. Біздің үй мен ағамның үйі қырда қалатын болды. Атам ақпан айына дейін ауырды. Біздің үй қыстауға көшті. Бір күні іңірде апам жалғап «Тез келіңдер !» - деді. Әкем бірден түсінді де, тездетіп жолға шығып кеттік. Бізбен бірге аға, жеңгем де бар еді. Сұмынға лезде жеттік, үйге келдік. Атамның бөлмесіне кіріп келсек, төсектің үстінде шалқасынан жатыр екен. Бізге қарай басын бұрып, бір жымиды. Әкем мен ағам және біз\ балалар\ атамды бас салып жылап жібердік. Сол сәт атамның жанында болдық. Атам бәріміздің маңдайымыздан иіскеп шықты. Атам біз уайымдамасын деді-ау шамасы, үйлеріңе қайтыңдар! Мен Әсем дәргер болып, мені емдегенше бармын. Алаңдамаңдар, деп бізге үміт сыйлады.
  •  
  • Улап- шулап атаммен қоштастық. Бұл соңғы бақұлдасу екенін кеш білдім.
  •  
  • Ертесімен әкем өрістегі жүрген жылқылардан бір атты әкеліп, шөп қораға жемге байлап қойды. Ағаштарды әкеп қия бастады. Мен бұл қарбаластықтың сырын түсіне алмадым. Ақыры әке, бұл ағаштарды неге қиып жатырсыз?
  •  
  • Ал, ана жылқыны неге ұстап әкелдіңіз? - деген сұрақтарды түйдектете сұрадым. Әкем маған мұңлы көздерімен қарап, «ағаш атаңның ендігі үйі, жылқы азығы» -деді. Мен түсінгендей кете бердім. Әкем әлгі ағаштарды реттеп болған соң, атама кетті. Мен қорадағы жылқыға таяп барып, «Ей, хайуан сен де, атам да ешқайда кетпей-ақ қойыңдаршы!
  •  
  • Сен атамның астында көлігі болып, атам сенің үстіңде баяғыдай иең болып жүре берсінші! Бізді тастамаңдаршы» - деп жылап жібердім. Сол түні Аллаға жалынып, атамның амандығын тіледім.
  •  
  • Таңға жақын әкем үйге келгендей болды. Басымды көтеріп қарасам, әкем төсектің үстінде жылап отыр екен. Анам келіп, тұра қойыңдар! Аталарың қайтып кетіпті-деді. Шыдай алмадым, көзімнен жас еріксіз ағылды. Атып тұрып, атамды көрем-деп киімімді кие салып, жүгірдім. Анам ұстап алып, қазір көлікпен бірге барамыз-деді.
  •  
  • Таудан ағам мен жеңгем де жетті. Бір-бірімен құшақтасып жылай берді. Мен тіпті жыладым. Әлгі жылқы мен ағаштарды артып алды. Цэнгэлге жол тарттық. Жолда Аққол деген жердегі зират басындағы біраз адамдарға келіп тоқтадық. Атама көр қазып жүрген ағайындарымыз екен. Көлік ішіндегілерге көрісіп жылап, көңіл айтты. Сұмынға жылай жүріп, көзді ашып жұмғанша жеттік. Қашадағы киіз үй, қаптаған адамдарды көргенде еріксіз өксік қысып, жылап жібердім. Дала да, үйде де дауыс шығарып жылаған адамдар. Үйге кіріп келіп едім Кенже ағам \атамның кіші ұлы\ өксіп жылап жатыр екен. Мені көрді де құшақтай алып, «Әсем, әкем мені тастап кетті»-деп айқайлап жіберді. Ағамды құшақтап үнсіз егілдім.
  •  
  • Содан атамның жатын бөлмесіне қарасам, бергі жағына шымылдық тартылып, арғы жағында бетін бүркеген атам жатыр екен. Жүгіріп барып бетін ашайын деп жатқанда, әкем мені ұстап алып шықты \ жас балаға өлікті көрсетпейді екен ғой, кейін әкем түсіндіріп айтты\. Келесі бөлмеге барсам, атамның әпке- қарындастары, жеңгелері, келіндері және апам дауыс шығарып отыр екен.
  •  
  • «Алтын бір ерден қас кетті,
  • Шаңырақтан бас кетті,
  • Қайранда асыл, жарым-ау,
  • Бұл өмірден жас кетті...» деп ағылып отырған апамдарды бас салып біраз жыладым.
  •  
  • Атам ауырып жүргенде: «осы Кенжем 12- сынып бітірген қызығын көрсем»- деп армандаушы еді. Ағамның соңғы қоңырауын атам көре алмай кетті. Ағам биыл 12-сынап бітіреді. Бір кем дүние.
  •  
  • Атамды қатты-қатты сағындым, құлазып іздейтін сәттерім көп!
«Қалам мен қиял» competition / Summer camp voucher / Asem Nurbolatkyzy