Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне арналған «Ғылымдағы қыздар» атты үш күндік семинар басталды.
Шараны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі Қазақстандағы «БҰҰ – әйелдер» ұйымы, Ғылым қоры және ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық Федерациясы Клубтары жоғары үлгерімі мен ғылымға қызығушылығы бар ең белсенді қыздарды таңдады. Сонымен, оқуға 30 жоғары сынып оқушысы таңдалды.
Семинарға қатысушыларға Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Кеңсесі басшысының м.а. Дина Амришева, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторы бағдарламаларының жетекшісі Мақсат Байбеков, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Акатов құттықтау сөз сөйледі.
Камиль Акатов отандық ғылымның дамуына үлес қосқан әйелдер қауымын атап өтіп, мысалдар келтірді.
«Ғылыми қызметпен айналысып жүрген әйелдер саны артып келеді. Бүгінгі таңда ғылым Қорының желісі бойынша коммерцияландыру жобаларында басшылар арасында шамамен үштен бірі - әйелдер. Олар өздерін медицина, ауыл шаруашылығы, экология және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда көрсетуде. Мысалы, коррозияға қарсы бояулар өндірісі жобасының жетекшісі Гүлмира Баймағанбетова, өсімдік шикізаты негізінде сиыр сүтін алмастыратын жаңа технологияны әзірлеуші Гүлназым Оспанқұлова, өнеркәсіптік үшін қолданылатын экологиялық таза сұйық эпоксидті шайырлар өндіру жобасының жетекшісі Гүлжахан Елигбаева. Сонымен қатар, әйелдер патент саласында белсенді. Біздің патент авторларымыздың 222-сі әйелдер» - деді К.Акатов.
Іс-шара форматында интерактивті сессиялар мен мастер-класстар өткізу жоспарланған. Зерттеуге болатын әртүрлі ғылыми бағыттар мен мамандықтар, сондай-ақ ғылымдағы мансаптық перспективалары, соның ішінде жаратылыстану, математикалық және гуманитарлық пәндер туралы ақпарат беріледі.
Семинар қорытындысы бойынша жоғары сынып оқушыларының ғылыми пәндерге деген қызығушылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, ғылымға қызығушылық танытқан жас қыздарға қолдау көрсету және тәлімгерлік қоғамдастығын қалыптастыру күтілуде.
Сондай-ақ, табысты әйел ғалымдармен кездесу және интерактивті сессиялар мен мастер-кластарға қатысу жоспарлануда. Мұндай мүмкіндіктер болашақ ғалымдарды қолдау мен дамытудың маңызды қадамы болатын менторлық үшін байланыстар мен мүмкіндіктер желісін құруға көмектеседі.