2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың төрағалығымен Қазақстандағы «Азиядағы тұрақты инфрақұрылым» (SIPA) бағдарламасы шеңберінде қорытынды шығаруға және одан әрі қадамдарды жоспарлауға арналған кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арасындағы тұрақты даму саласындағы табысты ынтымақтастықты растады.
Талқылауға Орталық Азия бойынша Германияның Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау, ядролық қауіпсіздік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Федералды министрлігінің (BMUV) өкілдері Юрген Кейнхорст пен Ивонна Линденлауб; SIPAбағдарламасының жетекшісі Пелин Атамер және ЭЫДҰ-ның бағдарлама аға менеджері (Nexus) Мэтью Гриффитс; сондай-ақ «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорыныңбірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров қатысты.
Бірінші вице-министр Айжан Бижанова өз сөзінде SIPAбағдарламасының қол жеткізілген нәтижелері Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің қолдауының арқасында мүмкін болғанын және оның тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін атап өтті. Ол ЭЫДҰ-ның SIPA жобасын тиімді үйлестіргені үшін ризашылығын білдірді және Сауда және интеграция министрлігінің сауданы декарбонизациялауға, экспортты әртараптандыруға және қазақстандық кәсіпорындарды тұрақты және төмен көміртекті жаһандық қосылған құн тізбегіне біріктіруге бағытталған бастамаларға белсенді қатысуына назар аударды.
Соңғы уақытта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сыртқы сауда теңгерімінің оң динамикасы байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 41,5 млрд АҚШ долларына жетті, өсім 3,5%-ды құрады. Ал биыл 10 айда өсу қарқыны 21%-ды (41,2 млрд) құрады. Сонымен қатар, шикізат пен шикізат емес тауарлардың экспорты артып келе жатқаны қуантады. 15 негізгі сауда серіктестерінің жартысы ЕО елдеріне тиесілі. Бұл Италия, Германия, Франция, Нидерланды және т. б.
Германиямен тауар айналымы айтарлықтай өсті. Өңделген тауарлар бойынша Германия біздің 5 негізгі сауда серіктестеріміздің қатарына кіреді.
Еуропалық серіктестермен экономикалық байланыстарды нығайту үшін елеулі перспективалар ашатын Орта дәлізді дамытуғаерекше назар аударылды. Қыркүйек айында Федералдық канцлердің Қазақстанға сапары барысында басталған ең маңызды шикізат материалдарын дамыту саласындағы Германия Федеративтік Республикасымен серіктестік алға жасалған маңызды қадам деп танылды.
Кездесу барысында сондай-ақ болат пен алюминий өндірісін қоса алғанда, Қазақстанның негізгі экспорттық салалары үшін сын-қатержәне мүмкіндік болып табылатын Еуропалық Одақтың Шекаралық түзету көміртегі механизмін (CBAM) іске асыру қарастырылды. Қазақстан бұл сын-қатерді шешуге өзінің бейілділігін және оны экономиканың климаттық мақсаттарға сәйкес келетін тұрақты даму жолына көшуі үшін пайдалану ниетін растады.
Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушылармен, әсіресе Шекаралық түзету көміртегі механизмін енгізу контекстінде белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады, бірақ бұл экономикалық орындылықты ескере отырып, теңдестірілуі керек.
Батыстық серіктестер тарапынан жасыл технологияларға көшетін өнеркәсіптік топтарымыз үшін жеңілдікті несиелеу немесе өзге де ынталандырушы бағдарламалар бойынша ұсыныстар күтеміз.
Бірінші вице-министр Айжан Бижанова ЭЫДҰ-на «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп әзірленген өнеркәсіптік экспорттаушылар үшін үздік тәжірибелер мен халықаралық тәжірибе бойынша нұсқаулық үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған Бакудегі жаһандық қосылған құн тізбегін декарбонизациялауға арналған COP29 параллель іс-шарасына ЭЫДҰ мен SIPA бағдарламасының қатысуын атап өтті және ЭЫДҰ-ның осы бағыттағы қолдауын жоғары бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақты дамыту және декарбонизациялау саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Анықтамалық ақпарат: «Азиядағы ақты инфрақұрылым» (SIPA) бағдарламасы Париж Келісімінің мақсаттарына және Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін энергетикалық, көліктік және өнеркәсіптік инфрақұрылымға инвестицияларды қамтамасыз етуде Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін қолдауға бағытталған.