Этникалық қазақтарға Түркияда тегін білім алуға 5 грант ұсынылады

15 Ақпан 2024
  • Түркі Мемлекеттер Ұйымы мен Отандастар Қоры шетелдегі этниқалық қазақтарға «Түркия стипендиялары – 2024» бағдарламасы бойынша Түркияда тегін білім алуға 5 грант ұсынады

  • «Turkiye Burslari» стипендиясы - ең үлкен түрік стипендиясы. Жастардың сапалы білім алуы үшін оқу ақысы, ай сайынғы шәкіртақы, медициналық сақтандыруы, тұрғын үй жалға алудың ішінара өтемақысы, әуе билеттері шығындарын жабатын үкіметтік стипендиялық бағдарлама. Айта кететін бір жайт, Түрік тілін білмейтін грантқа түскен студенттер міндетті түрде бір жыл түрік тіл курсын оқиды. 
  •  
  • Бұл стипендияға кімдер қатыса алады?
  • – Ұлты қазақ шетел азаматтары
  • – Бакалавриат – 21 жастан аспаған талапкерлер,
  • – Магистратура – 30 жастан аспаған кандидат, 
  • – Докторантура бағдарламаларына 35 жасқа дейін.
  •  
  • Өтінімдерді іріктеу кезінде жоғары академиялық үлгерімге, шет тілінің деңгейіне, еріктілікке, жұмыс тәжірибесіне (магистрлер үшін), жеке жетістіктеріне назар аударылады.
  •  
  • Талап етілетін құжаттар:
  • – Төлқұжаттың көшірмесі;
  • – Төлқұжат форматындағы сурет;
  • – Алған біліміңізді растайтын куәлік немесе диплом.
  • – Академиялық транскрипт.
  • – Соңғы оқыған жеріңіздегі емтихандардың нәтижесі (болған жағдайда)
  • – Таңдаған бағдарламаңызға сәйкес талап етілген жағдайда халықаралық емтихандардың нәтижелері. GRE, GMAT, SAT, DELF, YDS және YÖS.
  • – Ағылшын тіліндегі бағдарламалар үшін IELTS немесе TOEFL емтихандарының қорытындысы. 
  • – Докторантурға тапсыратындар зерттеу жұмысының жобасын жолдайды.
  • – Өзге де сертификат, дипломдар мен академиялық жетістіктері.
  •  
  • Құжаттар 15.02.2024 дейін oq.contests@gmail.com эл-поштада қабылданады.
  •  
  • Қосымша сұрақтар бойынша: +77471783938
Этникалық қазақтарға Түркияда тегін білім алуға 5 грант ұсынылады