«АLAMAN» медиа байқауына шетелдік қазақ тілді БАҚ өкілдері де қатыса алады

01 Наурыз 2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында «ALAMAN» медиа байқауы» 2023 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ  қолдауымен өткізіледі. Оған «Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен шетелдік қазақ тілді БАҚ өкілдері де қатыса алады. 

Байқаудың мақсаты – ұлттық спорт түрлерінің насихатын күшейту, осы саладағы журналистер, БАҚ өкілдері және авторларды кәсіби тұрғыдан бағалап, ең үздіктерін анықтау. 

Байқау 2024 жылдың 1 наурызына дейін 6 ай бойы өткізіледі. 

Барлық қатысушылар 2024 жылғы 2 мен 12 наурызы аралығында http://alaman.ultsport.kz сайтында анкетаны толтыра отырып, байқауға қатыса алады. Барлық ережелер ресми сайтта жарияланады. Байқау жеңімпаздары 2024 жылы анықталып, марапатталатын болады.

  • Байқауда мынадай номинациялар болады: 
  • 1. Үздік бағдарлама (телевизия, радио)
  • 2. Үздік аналитикалық материал (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)
  • 3. Үздік танымдық материал (интернет, БАҚ) 
  • 4. Үздік сұхбат (YouTube арна)
  • 5. Үздік фотосурет (БАҚ, әлеуметтік желі)
  • 6. Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал (қазақтың ұлттық спортытуралы)
  • 7. Әлеуметтік желідегі үздік материал (блогинг, мобилография) 

Қаржылай марапат
1 – орын: 1 000 000 (бір миллион) теңге
2 – орын: 700 000 (жеті жүз мың) теңге
3 – орын: 500 000 (үш жүз мың) теңге

«АLAMAN» медиа байқауына шетелдік қазақ тілді БАҚ өкілдері де қатыса алады