«Otandastar Cup» халықаралық баскетбол турниріне қатысуға шақырамыз!

26 Қараша, 2023

Құрметті қандастар!

«Otandastar Cup» халықаралық баскетбол турниріне қатысуға шақырамыз!

2023 жылғы 26 қарашада (жексенбі) «Отандастар қоры» КеАҚ және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Otandastar Cup» халықаралық баскетбол турнирі өтетіндігін хабарлаймыз.

Турнирге қазақстандық университеттерде оқып жатқан 16-25 жас аралығындағы шетелден келген отандастарымыз қатыса алады. Қыздар мен ұлдар командасы бөлек ойнайды. Әр командада кем дегенде 5 адамнан болуы шарт. 

Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, Үздік ойыншы Отандастар қорының 1 жобасына қатысуға жолдама жеңіп алады.

Тіркелу 25 қарашаға дейін. Егер командаңыз жоқ болса, бізге хабарласуыңызға болады. Біз сізге команда жинауға көмектесеміз!

Қатысу ТЕГІН!

Тіркелу немесе толығырақ ақпарат алу үшін: +77471783938

«Otandastar Cup» халықаралық баскетбол турниріне қатысуға шақырамыз!