«Отан – оттан да ыстық» бейнероликтер байқауы жарияланды

31 Қазан, 2023

«Отан – оттан да ыстық» халықаралық шығармашалық байқауына қатысып, бағалы сыйлықтарды жеңіп алыңыз!

Байқаудың негізгі шарттары:
- Патриоттық бағытта еркін тақырыпта бейнеролик түсіру;
- Байқауға шығармашылық жұмыстар кез келген тілде қабылданады.
- Байқауға 35 жасқа дейінгі ұлты қазақ шетел азаматы қатыса алады;

Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар:
1. Бейнеролик ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;
2. Бейнеролик санына шектеу қойылмайды;
3. Байқауға жолданатын бейнероликті қатысушылар өздерінің Instagram немесе Facebook әлеуметтік желісіне @otandastar_qory парақшасын белгілеп салу қажет.
4. Сонымен қатар, бейнероликті +7 747 827 22 37 телеграм нөмеріне жіберу қажет (аты-жөні, тұратын елі туралы ақпаратпен қоса)

Байқау 2023 жылғы 17-31 қазан аралығында өтеді.

Сыйлықтар:
• I орын – Домбыра
• II орын – Планшет
• III орын – Pocket book
• Ынталандыру сыйлықтары

Сұрақтар бойынша: +7 747 827 22 37 (Азамат Ж.)

#Otandastar #Qazaqtar #qandastar

«Отан – оттан да ыстық» бейнероликтер байқауы жарияланды