«Менің Қазақстаным» сурет салу байқауы жарияланды

05 Қараша, 2023

«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын қазақ диаспора өкілдерінің арасынан шыққан жастар арасында «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет салу байқауын жариялайды.

Сыйлықтар
I орын – Домбыра
II орын - Планшет
III орын - Pocket book

Байқаудың негізгі шарттары:
1. Байқауға 35 жасқа дейінгі ұлты қазақ шетел азаматы қатыса алады;
2. Қатысушылар «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет салуы қажет;
3. Бір қатысушы бірнеше шығармашылық жұмысын ұсына алады;
4. Қатысушының суретті өзі салғанын дәлелдейтін фото немесе видео жіберуі қажет;
5. Қатысушылар шығармашылық жұмыстарын oqbaiqau@gmail.com электронды поштасына жіберуі тиіс (аты-жөні, тұратын елі туралы ақпаратпен қоса)

Байқау 2023 жылғы 19 қазан - 05 қараша аралығында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 827 22 37

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

«Менің Қазақстаным» сурет салу байқауы жарияланды