Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай шығармашылық байқауы өтеді

12 Қараша, 2023

«Отандастар қоры» КЕАҚ Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай қазақ диаспора өкілдері ішінен шыққан жастар арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Сыйлықтар:
• I орын – Ноутбук
• II орын - Pocket book
• III орын - Смарт сағат
• Ынталандыру сыйлықтары

Байқаудың негізгі шарттары:
1. Мағжан Жұмабаевтың кез келген өлеңінен үзіндіні жатқа оқып, бейнеролик түсіру қажет;
2. Бейнеролик ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;
3. Бейнеролик санына шектеу қойылмайды;
4. Байқауға 35 жасқа дейінгі ұлты қазақ шетел азаматы қатыса алады;
5. Сонымен қатар, бейнероликті +7 747 827 22 37 телеграм нөмеріне жіберу қажет (аты-жөні, тұратын елі туралы ақпаратпен қоса)

Байқау 2023 жылғы 24 қазан - 12 қараша аралығында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 827 22 37

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай шығармашылық байқауы өтеді