еrulik.kz веб-платформасы жаңа мазмұнда өз жұмысын бастады

10 Қыркүйек, 2023

Құрметті қандастар!

​Отандастар қоры жанындағы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының еrulik.kz веб-платформасы жаңа мазмұнда өз жұмысын бастағандығын хабарлаймыз.

​Еrulik.kz сайты атажұртқа қоныс аударушы этникалық қазақтарға арналған WEB платформа.

​Ерулік сайты 4 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде Қазақстан туралы толық ақпарат беріледі.

​Екінші бөлімде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қоныс аударушы қандастарды қабылдаушы 6 өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қамтылған.

​Үшінші бөлімде қоныстануға өзіңізге қолайлы елді-мекен туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Ол үшін облыс, аудан, ауылды таңдап, іздеу батырмасын бассаңыз қажетті ақпарат назарыңызға ұсынылады.

​Төртінші бөлімде тарихи отанына қоныс аударуға ниетті этникалық қазақтар үшін виза рәсімдеуден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі барлық мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат орналастырылған.

​Сонымен қатар, «өтініш қалдыру» батырмасын басып, өзіңіз туралы қысқа мәлімет пен сұрағыңызды қалдырсаңыз біздің мамандар сізге хабарласады.

​Сондай-ақ, whats’app, telegram, facebook мессенджерлеріне өтіп, өз өтінішіңізді қалдыра аласыз.

​Сайттағы ақпаратпен қазақ-латын, төте жазу қаріптерінде және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде танысуға мүмкіндік жасалған.

Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қорының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласыңыз!

• 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;

• 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;

• +7 (7172) 981404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.

еrulik.kz веб-платформасы жаңа мазмұнда өз жұмысын бастады