Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің ұйымдастыруымен «Диаспора Жастарының Бірінші Форумы» 25-28 қыркүйек, Әзербайжан, Шуша қаласында өтпек

07 Қыркүйек, 2023

19-30 жас аралығында шетелдегі этникалық қазақ жастарын қатысуға шақырамыз! Форумда Түркі әлемінен келген жастар бас қосып диаспора жөніндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Баку қаласына дейінгі жол қаражаты қатысушылар тарапынан. Одан өзге шығындар (Баку-Шуша транспорт, экскурсия, қонақ үй, тамақтану) қабылдаушы тарапынан қарастырылады.

Орын саны шектеулі!

Өтінім беру үшін oq.contests@gmail.com эл-поштаға өзіңіз туралы ақпарат жолдаңыз. Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Толық мәлімет алу үшін: +77471783938

Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің ұйымдастыруымен «Диаспора Жастарының Бірінші Форумы» 25-28 қыркүйек, Әзербайжан, Шуша қаласында өтпек