Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің университеттерінің дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады

01 Қыркүйек, 2023

Қымбатты жастар!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің университеттерінің дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.

Дайындық бөлімінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниетті азаматтарды ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) пәндері бойынша дайындау.

Жалпы бөлінген гранттар саны: 1300

Дайындық бөліміне қабылдайтын университеттер: 16

Грант қамтиды:

• 9 ай бойы тегін білім алу

• Ай сайынғы шәкіртақы

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар:

• еркін түрде жазылған, «ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға» санаты көрсетілген қабылдау туралы өтініш;

• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

• жалпы орта, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік білім туралы құжаттың (аттестат немесе диплом) түпнұсқасы мен қосымшасының көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);

• электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26, +7 747 827 22 37 (WhatsApp) E-mail: admission@n-k.kz

Толық ақпарат: https://enic-kazakhstan.edu.kz

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің университеттерінің дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады