Шетелдегі қандас жастар «Бірлік» халықаралық лагеріне қатысады!

29 Тамыз, 2023

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 29 – 31 тамыз аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданында «Бірлік» халықаралық жастар лагерін өткізеді.

Лагердің негізгі мақсаты - еліміздің және шетелдегі жастар арасында достық байланыстарды нығайту әрі жастар қауымдастығын дамыту.

Бұған дейін «Отандастар қоры» КЕАҚ мен «Қоғамдық келісім» ММ ортақ келіссөз жүргізіп, аталмыш лагерге шет елдегі қандастардың қатысуына уағдаласқан болатын.

Жалпы алғанда лагерге қатысуға қандастар арасынан волонтерлік, спорт, өнер және т.б салалар бойынша жетістіктері бар 30-дан астам жастардан өтінім келіп түсті. Қоғамның жүргізген іріктеуі нәтижесінде үздік ондық (Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан) анықталды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Шетелдегі қандас жастар «Бірлік» халықаралық лагеріне қатысады!