«ДОМБЫРА ДАУЫСЫ» халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз!

18 Тамыз, 2023

*Байқау 3 номинация бойынша өтеді:*

- «Үздік күйші» номинациясы

- «Үздік термеші» номинациясы

- «Үздік cover» номинациясы

*Байқауға 30 жасқа дейінгі ұлты қазақ шетел азаматы қатыса алады.*

Байқаудың негізгі шарттары:

1. Қатысушы кез келген күй, терме немесе әнді домбырада орындай алады;

2. Сонымен қатар, бейнежазбада туынды туралы ақпарат беру керек;

3. Бір қатысушы бірнеше номинация бойынша байқауға қатыса алады;

4. Қатысушылар Qazalem сайтында тіркеуден өту тиіс. Сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/qazalem/sign-up?lang=kk;

Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар:

1. Бейнежазба ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;

2. Бейнежазба санына шектеу қойылмайды.

3. Байқауға жолданатын бейнежазбаны қатысушылар өздерінің Instagram немесе Facebook әлеуметтік желісіне @otandastar_qory (Instagram), @OtandastarQory (Facebook) парақшасын және #Oq_dombyra хэштегін белгілеп салу қажет.

4. Сонымен қатар, бейнежазбаны oq.contests@gmail.com электронды поштасына   жіберу қажет (аты-жөні, тұратын елі, Whatsapp номері туралы ақпарат)

*Байқау қорытындысында «Үздік күйші» «Үздік термеші» және «Үздік cover орындаушы» номинациялары бойынша 9 жеңімпаз анықталады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 12-17 жасар 3 қатысушыға 2024 жылғы "Жас Қазақ" жазғы этно лагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі.*

*Сыйлықтар:*

• I орын – Домбыра

• II орын - Планшет

• III орын - Смарт сағат

Қапы қалмайық қандастар!

Барлық сұрақтар бойынша: +77471783938

«ДОМБЫРА ДАУЫСЫ» халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз!