Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері

13 Тамыз, 2023

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне түсуге арналған өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.

Гранттардың саны мен түрлері:

• Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300

• тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) - 50

• Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін

Қажетті құжаттар:

• еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;

• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

• жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);

• электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

Барлық сұрақтар бойынша: +77172 28 75 26, +77478272237, admission@n-k.kz

https://enic-kazakhstan.edu.kz/priem.../podacha-dokumentov-1

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері