Көші-қон қызметі ескертеді: Шет мемлекеттен уақытша қыдырып келетін этникалық қазақтары үшін Қазақстанда уақытша жүру тәртібі бойынша Үкіметтің №148 қауылысына 2023 жылғы 26 қантарда кірген өзгерістер мен толықтыруға байланысты қазір көпшілігі әкімшілік қ

04 Қыркүйек, 2023

Шет мемлекеттен уақытша қыдырып келетін этникалық қазақтары үшін Қазақстанда уақытша жүру тәртібі бойынша Үкіметтің №148 қауылысына 2023 жылғы 26 қантарда кірген өзгерістер мен толықтыруға байланысты қазір көпшілігі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жазаланып жатыр.

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында 90 күн мерзімінде визасыз жүре алады деп көрсеткен болсада мерзімдерін өткізіп алу жағдайына тап болып жатыр.

Себебі көшіп келген қандастардың көпшілігінің құжаттары құзырлы мемлекеттік органдарда тапсырғанбыз, еңді жұмысымыз толық аяқталды деп ойлайды, ол құжаттары құзырлы мемлекеттік мекемелерде қаралып жатқанын ұмытып кетеді. Соның салдарынан көп қандастар Қазақстанда тұру мерзімін өткізіп алады.

Келген уақытта үш күн ішінде қонақ деген "Qonaq " сайтына тіркеліп отыз күн визасыз жүре алады. Осы мерзім уақытынан қалатын болса визасыз уақыты бітпей бір апта бұрын көші-қон қызметі полициясына хабарласқан дұрыс. Қазір көбі білмей Қазақстан аумағынан депортация мен айыппұл әкімшілік жауапкершілік жүктеп жатыр.

Егерде себепсіз ҚР-ның Көші-қон заңнамасы бұзылатын болса төмендегі айыппұл төлеуге немесе Қазақстан Республиканың аумағынан әкімшілік жолмен шығарылу мүмкін.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы АПК кодекстің 517-бабының 3 және 4 тармақтарында көрсетілгендей айыппұл салынатын болады.

3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

1) үш тәулік ішінде - ескерту жасауға алып келеді;

2) үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін – он айлық есептiк көрсеткiш

(34500 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді;

3) бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін – он бес айлық есептiк көрсеткiш (51750 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш (86250 тенге) мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жазаға тартылады.

Құжаттарына жауап келмеген қандастар болса өздеріңіздің тұрып жатқан аумақтың Көші қон полиция мамандарына хабарласқан дұрыс.

Көші-қон қызметі ескертеді: Шет мемлекеттен уақытша қыдырып келетін этникалық қазақтары үшін Қазақстанда уақытша жүру тәртібі бойынша Үкіметтің №148 қауылысына 2023 жылғы 26 қантарда кірген өзгерістер мен толықтыруға байланысты қазір көпшілігі әкімшілік қ